Жаңалықтар
Электр энергиясын тұтынушыларға арналған ақпарат
Құрметті тұтынушылар!
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен бекітілген Тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының 4 -тарауына сәйкес Электр энергиясына ақы төлеу тәртібі
7. Тұтынушы төлемді Сатушы жазып берген төлем құжатының негізінде есеп айырысудан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.
Есептік кезеңдегі күндердің саны айдағы демалыс және жұмыс күндеріне байланысты (ұлғаю немесе азаю жағына) өзгереді.