«ШҚ АЭК» АҚ Меморандумдарға қол қойды

2018 жылы 16 қазан күні, Хельсинки қаласында өткен қазақстандық – финдік бизнес – форумы аясында «ШҚ АЭК» АҚ «Ensto» халықаралық технологиялық компаниясымен және «Reka Cables» кабельдерді өндіруші финдік ірі компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарына қол қойды.

img 20181017 wa0003

ШҚ АЭК нарықтағы әйгілі халықаралық компанияларымен серіктестікте ірі энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға мақсат қойды, оның барысында «ноу-хауды» және компанияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және жаңғыртуға бағытталған жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыруға арналған тәжірибені енгізуге мүмкіндік туындайды.

«Осындай келісулер біздің үкіметтің жекешелендіру Бағдарламасының арқасында жүзеге асырылғанын, атап өткен жөн. Біз, жеке компания ретінде, халықаралық деңгейге өздігімізден шығуға, мәмілелер жасауға, бір сөзбен айтқанда, тұрақты пайда өсіміне, сондай-ақ компанияның толықтай сәтті дамуына бағыт алған, электр энергиясын танымал жеткізушісі мәртебесін сақтауға қажет  әлемдік тәжірибені зерделеуге және үйренуге мүмкіндігіміз бар», - деп қол қойылғаннан кейін «ШҚ АЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Киркинбаев Ерлан Амантайұлы мәлімдеді.

img 20181017 wa0005

img 20181017 wa0006

img 20181017 wa0004

«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ — Қазақстанның ең ірі аймақтық энергия беруші кәсіпорындарының бірі, ол нарықта 90-жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді. Компания электр энергиясын 15 ауылдық ауданға, 10 қалаға, 872 ауылға және  Шығыс Қазақстан облысының басқа елді мекендеріне береді. Кәсіпорын желілерінің ұзақтығы 34 000 астам километрді құрайды. Қызмет көрсетілетін аумақтың ауданы — 283 300 мың шаршы километр.

«ШҚ АЭК» АҚ баспасөз қызметі

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67