Миссия және басымдылықтар

Кәсіпорын миссиясы:

Желілерді және инфрақұрылымды дамыту арқылы электр энергиясын беруді сенімді және сапалы ұзақ мерзімді қамтамасыз ету.

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер: 

«Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ — аймақтық деңгейдегі желілерді пайдаланушы, сенімді, тиімді, серпінді дамып келе жатқан компания, ҚР ұлттық электр желілерінің (ҰЭЖ) түгелдігін және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің үздіксіздігін және сапасын, акционерлер мен инвесторлардың әл-ауқатын арттыруды қолдауға бағытталған компания.

Біздің стратегиялық басымдылықтарымыз:

Сенімділік:

  • Электрмен жабдықтау сенімділігі – біздің негізгі стратегиялық басымдылығымыз. Біз электр энергиясын беру сенімділігін қамтамасыз етуге жауапты қараймыз, өйткені бұл бүкіл елдің амандығы – ірі кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуінен әрбір үйдегі жарыққа дейін.
  • Біздің жаңартылған техникалық саясатымыз қолданыстағы құаттылықты жаңарту және алдыңғы технологияларды енгізу есебінен пайдаланудағы жабдықтардың сенімділігін ары қарай арттыруға бағытталған.
  • Қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ бөлімшелеріміздегі өндірістік және экологиялық қауіпсіздік Компания үшін өте маңызды. Біз үнемі өндірістік қауіпсіздік және тұтынушыларлы қорғау деңгейін арттырамыз, қоршаған ортаға әсерді төмендетуді қамтамасыз ететін жаңа технологияларды қолданамыз.

Инновациялар:

  • Біз тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасын арттыруға үзіліссіз ұмтыламыз және ол үшін жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгіземіз. Қазақстанның инновациялық даму мәнмәтінінде электр желілерінің жаңа деңгейге – тұтынушылар және электр энергиясын өндірушілерді сенімді, сапалы және тиімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін интеллектуалды электр желілері үлгісіне біртіндеп ауыстыруды жүзеге асыру жоспарлануда.
  • Қазақстан электр желілерінің жағдай экономика дамуының қарқындылыған өз әсерін тигізеді. Сондықтан да біз энергетикалық желіне ескірген жабдықтарды жаңарту және инновацияларды енгізу арқылы жаңа технологиялық деңгейге шығаруға ұмтыламыз.

Тиімділік:

  • Тиімділіктің негізгі факторлары жаңа технологияларды қолдану және қызметкерлеріміздің кәсіпқойлығы болып табылады. Жабдықтарды жаңарта, басқаруды жетілдіре және еңбек өнімділігін арттыра отырып, біз сондай-ақ өз жұмысымыздың экономикалық-және өндірістік тиімділігін арттырамыз.
  • Бизнестің ауқымдылығы және нарықтағы монополиялық орын қаржылық орнықтылық, тұрақты өсім, тәуекелді тиімді басқару мүмкіндігі секілді салмақты артықшылықтармен қамтамасыз етеді. Компанияның операциялық тиімділігін арттыру үшін мықты жақтарымызды қолданып көрсетеміз.
  • Корпоративтік басқару саласындағы ең үздік тәжірибелерді қолдануға тырысамыз. Корпоративтік басқару стандарттарын қатаң сақтау және кадрлық ресурстарға инвестициялау акционерлерімізге және қызметкерлерімізге Компанияның ортақ жетістіктеріне өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
  • Акционерлік өзіндік құнды барынша көбейту бойынша стратегия бизнестік ауқымдылығына негізделген, ол инвестициялық бағдарлама және тұрақты сұраныс  арқасында ұлғаю жалғасатын болады. Акционерлік құнның өсуіне капитал құрылымын оңтайландыру сондай-ақ мүмкіндік туғызады.

Компания міндеттерін орындау және қалаулы нәтижелерге қол жеткізу үшін үш стратегиялық бағыт бойынша жоспарлы даму қажет:

  • Аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Акционерлік капитал құнын арттыру;
  • Әлеуметтік жауапкершілік.

Аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

«ШҚ АЭК» АҚ қызметі аймақтың және толығымен Республиканың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, бұл Қазақстанның әрі қарай даму басымдылықтарының бірі болып табылады.

Осы бағыттың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Электр энергиясын сенімді және сапалы беру мен тарату.
  • Уақытылы диагностика и жоспарлы алдын-ала жұмыстарды өткізу.
  • Техникамен қайта қаруландыру, аймақтағы электр желілерін қайту құру.
  • Қолданыстағы қосалқы станциялар мен электр желілерін қайта құру.
  • Жаңа қосалқы станциялар мен электр желілерінің құрылысы болып табылады.

Акционерлік капитал құнын арттыру 

Электр энергетикасы нарығының мол табысты болғандықтан алдағы болашақта акционерлік капитал құнын арттыру Компанияны дамыту стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Акционерлік капитал құнын арттыру бойынша негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Акционерлер мүдделерін қорғау:
    • Акционерге дивидендтер төлеу;
    • корпоративтік басқаруды жетілдіру.
  • Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету:
    • жаңа активтер сатып алу;
    • тариф құру жүйесін жетілдіруге қатысу;
    • шығындарды оңтайландыру.
  • Инновациялық даму:
    • Жабдықтарды және режимді (ДТБАҚ) басқару, сондай-ақ ақпаратты жинақтау және өңдеу жүйесін құру.
    • ЭКЕАЖ жүйесін дамыту және байланыс каналдарын қайта құру болып табылады.

Әлеуметтік жауапкершілік

Ұзақ мерзімді өсу барлық мүдделі тараптардың, Компанияның мүдделері есебінсіз мүмкін емес, сондықтан әлеуметтік жауапкершілік стандарттарын арттыру негізгі стратегиялық бағыт болып табылады. Осы бағытта ҚР Үкіметінің және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы Қордың бастамаларын орындауға бағдарланған жұмыстар қарастырылған.

Әлеуметтік жауапкершілік бойынша қызметті іске асыру үшін Компания алдына келесі мақсаттар мен міндеттер қойылды:

  • Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.
  • Аймақтың әлеуметтік бағдарламаларына қатысу.
    • Өндірістік жаратқаттануды жою.
  • Қолайлы еңбек жағдайларын жасау.
    • Қоршаған ортаны қорғау.
  • Экологиялық стандарттарды сақтау.
  • Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау.
Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67