КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ АСПАПТАРЫН (КЕА) САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ

 

Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 Бұйрығымен бекітілген, бұдан әрі мәтінде – Қағидалар) өлшеу құралының белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар электр энергиясын есепке алу аспабын мерзімді салыстырып тексеру көзделген.

Электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын салыстырып тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімдерде салыстыру тексерісаралық интервалға сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, Қағидаларда электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын ұстау, техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілікке сәйкес жүзеге асырылады деп айқындалған.

 Қағидалардың талаптарын тиісінше орындау үшін, электр энергиясын тұтынушылар тексерісаралық кезеңнің аяқталу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өздерінің есепке алу құралдарына уақытылы салыстырып тексерулер жүргізулері қажетКЕА келесі салыстырып тексеру күні туралы ақпарат есепке алу құралының паспортында көрсетіледі.

Бұған қосымша, аталған ақпарат электр энергиясын төлеуге қойылған шот-хабарламаларында жарияланады немесе немесе «БЭСК» АҚ - «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері есепке алу аспабын салыстырып тексеру мерзімі аяқталғанға дейін 2-3 ай бұрын хабарламамен жібереді. Сондай-ақ, тұтынушы электр энергиясының КЕА салыстырып тексеру мерзімдері жөніндегі ақпаратты 8 (72 32) 700 555 телефон нөмірі бойынша Байланыс орталығына жүгіну арқылы алуына болады.

«БЭСК» АҚ энергия беруші ұйымы орнатқан ЭКЕАЖ функциясы бар есепке алу құралдары кәсіпорынның теңгеріміне жатады, осыған сәйкес аталған есепке алу құралдарын салыстырып тексеруді және оларды алуды (орнатуды) «БЭСК» АҚ қызметкерлері жүзеге асырады.

Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын ажыратуды және салыстырып тексеру жүргізу үшін есепке алу аспабын алуды білікті қызметкер және тек «БЭСК» АҚ өкілдерінен энергия беруші ұйым белгілеген пломбаларды алуға рұқсат алғаннан кейін ғана орындауы тиіс. «БЭСК» АҚ-ның пломбаны алуға рұқсатын жазбаша өтініш негізінде немесе осы учаскеге қызмет көрсететін аудандық электр желілерінің құрылымдық бөлімшесінде (АЭЖ) телефон арқылы алуға болады. Қосымша ақпаратты тұтынушы 8 (72 32) 700 555 телефон нөмірі бойынша Байланыс орталығына жүгіну арқылы алуына болады.

Жұмыстардың өзге түрлерін орындау шеңберінде есепке алу аспабын алу (орнату) жөніндегі жұмыстарды «БЭСК» АҚ қызметкерлері тұтынушының жазбаша өтініші бойынша, ақылы түрде орындай алады. 

Электр энергиясын есепке алу аспабын мерзімді салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуі тиіс.

 

Коммерциялық есепке алу тұтынушының кінәсінен емес (пломбаның бүтіндігі және алдыңғы актіде көрсетілген есепке алу аспабын орнату және аспаптық тексеруге сәйкес келген жағдайда) бұзылуы анықталған жағдайда тұтыну есебі энергия беруші ұйым электр энергиясының қаржысы мен есепке алу схемасы дұрыс болған алдыңғы немесе түзетілген келесі есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды бұрынғы қалпына келтіру күніне дейінгі аралықты қамтиды, алайда ол мерзім күнтізбелік отыз күннен аспауы қажет.

      Тұтынушы коммерциялық есепке алуды бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қалпына келтіреді.

      Бұзылу анықталған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң коммерциялық есепке алу қалпына келмеген жағдайда энергия беруші ұйым тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатады. (Қағидалардың 61-т.)

 

Қолданыстағы Қағидалар талаптарының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету және тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысу кезінде даулы жағдайларға жол бермеу мақсатында «БЭСК» АҚ тұтынушылардан салыстырып тексеру мерзімі аяқталғанға дейін өздерінің электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын уақтылы салыстырып тексеруді қамтамасыз етулерін өтініп сұрайды.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар 8 (72 32) 700 555 телефон нөмірі бойынша Байланыс орталығына немесе «БЭСК» АҚ сайты арқылы https://besk.kz/ru/blog-rukovoditelya Басшының блогына жүгіне алады. 

 

Рассылка 2

Телефон Контакт-центра

8 72 32 700 555

Режим работы:

Понедельник – пятница с 8.00 до 18.00 часов

Без перерыва на обед

Выходной – суббота, воскресенье 

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.