-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанның тұрғындары электр энергиясы үшін төлем жөніндегі шотты ұялы телефон арқылы ала алады
2015 жылғы 15 мамыр
Баспасөз-хабарламасы
«Шығысэнерготрейд» ЖШС өзінің тұтынушыларына жаңа қызметін ұсынады – электр энергиясы үшін төлем жөнінде шотты ұялы телефон арқылы алу және берешек жөнінде ақпаратты SMS-хабарлама жіберу арқылы алу
2015 жылдың мамыр айынан бастап шығысқазақстандықтар үшін жаңа қызмет әрекет етеді – тұтынылған электр энергиясы үшін ай сайынғы есептеу туралы шотты ұялы телефон арқылы алу. Тұтынушыға ай сайын төлем сомасы көрсетілген SMS жіберіледі. Қызмет құны 30 теңге. Қызмет нөлдік теңгеріммен де қолжетімді. Электр энергиясы үшін түскен төлемнен автоматты түрде ақшалай қаражат есептен шығарылады.
Сондай-ақ «Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынылған электр энергиясы үшін берешек туралы ақпаратты SMS-сұрау салу арқылы жедел алу мүмкіндігін үсынады. Берешек туралы ақпаратты 3310 қысқа нөміріне жеке шотты SMS-хабарламамен жіберу арқылы білуге болады. Қызмет құны 30 теңге. Ақшалай қаражат ұялы телефоннан ұсталады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның бас директоры Вячеслав Аксенов компания клиенттерге қызмет көрсету сапасы менеджментін жетілдіруге ниетті екенін айтты: «Шығысэнерготрейд» ЖШС үнемі тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартып отырады және өз қызметіне техникалық салада да - ақпараттық технологиялар, байланыс құралдары және тәсілдері, өз сервисіне де - шоттарды электрондық поштаға жеткізу, баламалы төлем тәсілдері, жеке тұлғалар үшін «Жеке кабинет» сияқты жаңартпаларды енгізуде.
Бұл қызметтерге жазылу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің дербес қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет. Өтінішті жеке шоттың иесі жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып жаза алады.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС 9.07.2004 ж. № 588- II «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 25 бабына сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 17233-1917-ТОО ШҚО Әділет департаментімен 28.09.2004 ж. берілді) және «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Қазақстандағы электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі холдингке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 480 000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 20 000-нан астамы – заңды тұлғалар.
Қосымша ақпарат алу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі топтың мамандарына хабарласыңыздар: Татьяна Павлова,This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6968) , ұялы тел.: + 7 701 921 70 32; Асель Баденова,This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6368) , ұялы тел.: +7 701 221 71 38.