-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
Желіге қосу және ТШ беру
Электр желісіне қосу тәртібі:
- Қосуға ТШ алу (200кВт дейін – 5 жұмыс күні, 200кВт-ден 1000кВт дейін – 10 жұмыс күні, 1000кВт жоғары – 15 жұмыс күні).
- ТШ-ға сәйкес электрмен жабдықтау жобасын дайындау. Бәсекелі ортада орындалады.
- Жобаны ЭБҰ-мен келісу (200кВт дейін – 3 жұмыс күні, 200кВт-ден 1000кВт дейін – 7 жұмыс күні, 1000кВт жоғары – 12 жұмыс күні)
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау. Монтаждаудан кейін электр қондырғыларының қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу.
- ЭБҰ қызметкерлерімен электр қондырғыларын жобаға және берілген ТШ-ға сәйкестігін тексеру, тиісті құжаттарды рәсімдеумен пайдалануға электр қондырғыларын жіберуді іске асыру.
- ЭБҰ және Қолданушы арасында теңгерімдік тиесілікті және пайдалану жауапкершілікті шектеу актілерін дайындау.
- ЭБҰ-мен қосуға, ЭБҰ-мен электрмен жабдықтауға шарттар жасау.
- Қолданушының электр қондырғыларын ЭБҰ электр желісіне нақты қосылуын іске асыру.
- Тиісті құжаттарды рәсімдеумен, кернеу берген соң ЭБҰ қызметкерлерімен Қолданушының коммерциялық есепке алу сызбаларына аттестаттау орындау.