Тұтынушылар үшін

 ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР

 

Электрмен жабдықтау функциялары не себепті «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нен «БЭСК» АҚ-на ауысты?

2024 жылы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізілді, осыған сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу қолданылатын, қоғамдық нарық субъектісі деген мәртебесі бар Қазақстанның энергиямен жабдықтаушы ұйымдарына берілген лицензиялар өз қолданысын 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ғана сақтайды.

Функциялардың ауысуы туралы тұтынушыларды хабардар ету қалай жүргізілді?

Аталған сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы 2024 жыл бойы республикалық және жергілікті БАҚ-да хабарланды.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің энергиямен жабдықтау функцияларын «БЭСК» АҚ-ына беру туралы ақпарат компанияның барлық ақпараттық алаңдарындағы парақшаларда тұтынушыларға қолжетімді болды.

Электр энергиясы үшін төлем жасау бойынша түсіндіріңізші?

Тұтынушылар тұтынылған электр энергиясы үшін бұған дейін де қолданған өзіне ыңғайлы төлем тәсілдерімен төлем жасай алады.

Екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында төлем аударылатын ұйымды таңдауға болады – БЭСК немесе Шығысэнерготрейд. 2024 жыл үшін қарызыңыз болса – Шығысэнерготрейдке аударасыз.Одан әрі қарай БЭСК ұйымына төлем жасайсыз.

Егер мен төлем жасамасам, электр жарығын бірден өшіреді ме?

2024 жылғы желтоқсаннан бастап 2025 жылғы наурызға дейін берешек бойынша тұтынушыларды электр энергиясынан ажыратулар болған жоқ. Ағымдағы айдан бастап берешек бойынша электр энергиясын өшіру қайта қалпына келтірілді. Электр энергиясын берешек бойынша өшіру ҚР заңнамасына, Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Дербес шот бойынша сұрақтарым бар, қайда хабарласу керек?

2025 жылғы қаңтардан бастап бұрынғы Шығысэнерготрейдтің тұтынушыларына арналған ақпаратты «БЭСК» АҚ компаниясының https://besk.kz/ сайтында ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ бөлімінен табуға болады.

Электр энергиясын беру және энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша тұтынушылар 8 (7232) 700-555 телефоны арқылы Байланыс орталығына және тұрғылықты жері бойынша «БЭСК» АҚ кеңселеріне (АЭЖ), сондай-ақ бұрынғы «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің кеселеріне жүгіне алады.

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.