-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
Жалпы мәлімет
Шығыс Қазақстан тарату желілері 1949 жылдың 18 сәуірінен бастап жұмыс істеп келеді.
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ негізгі қызметі электр энергиясын жеткізу болып табылады. «БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысының аумағына қызмет көрсетеді. Облыста 15 ауылдық аудан, 10 қала, 872 кент және ауылдар, 254 ауыл және ауылдық округтер орналасқан. Кәсіпорын желісінің ұзақтығы 34 478,46 км. құрайды. Қызмет көрсетілетін аумақ алаңы – 283 300 шаршы шақырым. 35 кВ және жоғары трансформаторлық қосалқы станциялар саны – 313 дана, ТҚС, ЖТҚС, ТП, ЦРП ОТП саны – 6 514 дана, есепке алу құралының саны – 459 687. Компания активтері 229 815 шартты бірліктен асқан. Оларға қызмет көрсетумен 3000 асқан қызметкерлер айналысады.
«БЭСК» АҚ 2011 жылы ISO 9001 талабымен сапа менеджмент жүйесіне сәйкес келетін сертификатын алған, 2008 жылдан бастап ISO 14001 және OHSAS 18001талабымен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау менеджмент жүйесі және экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкес келетін сертификаттары бар. Сертификаттарды берген, сертификаттау жөніндегі орган: TÜV SÜD Management Service GmbH (Германия).
2014жылы кезекті сертификаттық аудит өткен, оның қорытындысы бойынша 2017 жылға дейін әрекет ету мерзімімен сертификаттар берілген. Сертификаттар нөмірі: 12 100 34838 TMS, 12 104 34838 TMS, 12 116 34838 TMS. «БЭСК» АҚ Метрология басқармасының Тексеру зертханасында СТ РК ИСО/МЭК 17025 талабымен сәйкес келетін аккредиттеу аттестаты бар, аттестаттың әрекет ету мерзімі - 2019 дейін, аттестат нөмірі - KZ.П.07.0354. Сертификаттар және аккредиттеу аттестаты қосымша парағында орналасқан: Корпоративтік басқару / Менеджменттің бірілктірілген жүйесі.
«БЭСК» АҚ – желілердің ұзақтығы және жабдықтар бірлігіне қызмет көрсету саны бойынша ең ірі аймақтық энергия жеткізуші кәсіпорынның бірі болып табылады.