-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның 12 жылдығын мерекелеу күні дербес қызмет көрсету орталығында 2016 жылдың бес жүз мыңыншы келушісі тіркелді.
Ағымдағы жылы Серіктестіктің мерейтойлық келушісі Өскемен қаласының тұрғыны болды, ол компанияға электр энергиясы үшін берешек туралы ақпарат алуға келген. Оның айтуы бойынша, коммуналдық қызметтер үшін төлемге үлкен жауапкершілікпен қарайды және берешектің пайда болуына жол бермейді екен, шығысқазақстандықтарға да берешектің пайда болуына жол бермеуге кеңес берді.
Бүкіл Шығыс Қазақстан облысы бойынша орналасқан «Шығысэнерготрейд» ЖШС дербес қызмет көрсету орталықтарында тұтынушылар электр энергиясы мәселелері бойынша мәлімет ала алады, электрмен жабдықтау келісім-шартын жасаса алады, есептеу/төлемді салыстырып тексере алады, шотты баламалы жеткізу қызметтеріне жазыла алады. Сондай-ақ, электр энергиясын тұтынумен және төлеммен байланысты барлық мәселелер жөнінде ақпаратты Байланыс-орталығының телефондары арқылы алуға болады. 2016 жылғы 1-қыркүйектен бастап көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында электр энергиясының тұтынушыларына қолайлы болуы үшін Байланыс-орталығының жұмыс істеу сағаты жұмыс күндері сағат 22.00-ге дейін, сенбі күні – 16.00-ге дейін ұзартылды.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Ерлан Текешов: «12 жыл ішінде дербес қызмет көрсету орталықтарында барлығы 7 млн. жеке тұлға тіркелді, ал Шығыс Қазақстан облысының тұтынушыларына өткізілген электр энергиясының көлемі осы кезең аралығында 27,6 млрд. кВт*сағ құрады», - деп атап өтті.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС – Шығыс Қазақстанда электр энергиясын кепілді жеткізуші энергиямен жабдықтаушы ұйым. Тарихы жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарынан басталатын «Алтайэнерго» құрамында болған «ШҚ АЭК» АҚ энергияны өткізу базасында 2004 жылдың 28-қыркүйегінде құрылды.