Еуразиялық даму банкі және «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

3 4

Астана, 2018 жылғы 17 мамыр. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ (ШҚ АЭК) энергетика саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған, стратегиялық серіктестікті дамыту және алдағы уақытта ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Қол қою Global Challenges Summit (Астаналық экономикалық форум) барысында өткізілді. Құжатқа ЕАБД Басқармасының төрағасы Андрей Бельянинов және ШҚ АЭК Басқармасының төрағасы Ерлан Киркинбаев қол қойды.

Меморандумды орындау мақсатында өзара ынтымақтастық салалары анықталды: жеке инвестициялық жобаларды қаржыландыру және семинарларға, конференцияларға, бизнес-форумдарға қатысу арқылы біліммен және тәжірибемен алмасу.

Меморандум аясында ЕАДБ компанияның әрекеттегі активтерінің үзіліссіз жұмыс істеуін жетілдіруге және қамтамасыз етуге бағытталған ШҚ АЭК жобаларын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға және инвестициялық жобаларды бірлесе отырып қаржыландыру үдерісінде өзара әрекет етуге дайын.

Анықтама:

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуына, олардың экономикалық өсуіне және өзара тауарлық-экономикалық байланыстарының кеңеюіне көмек көрсету мақсатында 2006 жылдың қаңтарында Ресей және Қазақстанмен құрылған халықаралық қаржылық ұйым болып табылады. ЕАДБ Жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Қатысушы мемлекеттер Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы болып табылады.

«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ – Қазақстанның ең ірі аймақтық энергия беруші кәсіпорындарының бірі. Компания электр энергияны 15 ауылдық аудандарға, 10 қалаға, Шығыс Қазақстан облысының 872 кенті мен ауылдарына береді. Кәсіпорын желілерінің ұзындығы 34 000 км құрайды. Қызмет көрсетілетін аумақтың алаңы – 283 300 кв.км. Компанияның активтері 229 000 шартты бірліктен асады. Оған 3000 аса қызметкер қызмет көрсетеді. Компанияның сайты: http://ekrec.kz

 

ЕАДБ баспасөз қызметінің байланысы:

+7 (727) 244 40 44, доб. 6147 (Алматы)

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

ШҚ АЭК баспасөз қызметінің байланысы:

+7 (7232) 56 98 80, доб. 6369 (Өскемен)

alexey.proskuryakov@ekrec.kz

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67