Энергетика күнінде «ШҚ АЭК» АҚ мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС электр энергия саласының үздік қызметкерлерін ұлықтады

2018 жылдың 20 желтоқсанында  Семей қаласында үздік қызметкерлерді марапаттау салтанаты өтті.

Энергетика күні кәсіби мерекесі мен Семей аудандық электр желілерінің 100 жылдығына арналған Семей қаласының мәдениет үйіндегі мерекелік іс-шара барысында электр желісі кешенінің үздік қызметкерлерін марапаттап, сала ардагерлерін ұлықтады. Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер, энергетиктер, серіктестер шақырылды.

js 48

Директорлар кеңесінің төрағасы Нуртлеуов Шалкар Абугалиевич: «Осы жылы алғашқы рет «Мінсіз қызметі үшін» корпоративтік медальі бекітілді,осы медальмен «ШҚ АЭК» АҚ мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің 15 қызметкері марапатталды. Медаль компанияда көп жыл еңбек еткен, электр энергетика саласына қомақты үлес қосқан қызметкерлерге беріледі.» Осы медальмен марапатталғандар:

-Камалитдинов Кайырбек Маулытжанович- Левобережий АЭС таратушы желілерді пайдалану жөніндегі  электромонтер

-Миновский Владимир Васильевич – ауа желілерін жөндеу шебері

-Нашатырёв Николай Германович – Орталық диспечерлік басқармасының аға диспечері

-Шыныбаев Сунгат Молдагалиевич - мастер Абайского РЭС

-Сулейменов Рахметолла Нигметжанович - техник по эксплуатации Тарбагатайского РЭС

-Ертисбаев Толеухан Сеилханович- Зайсан АЭС жедел шығу бригадасының  электромонтері

-Канатов Даурен Жумагелдиевич -  Аягөз АЭС автокран машинисі

-Тагаев Айтбек Ермуханович - Жарма АЭС аға диспечері

- Кунапьянов Советхан Сейтханович - қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

 -Василенко Ольга Викторовна - Зырян АЭС электр желілерінің аудандық диспечері

-Джумагулов Жанболат Камчибаевич – Катонқарағай таратушы желілерді пайдалану жөніндегі  электромонтер  

-Катюшин Андрей Евгеньевич - Өскемен АЭС шебері

-Абдулманова Айнаш Сериккалиевна – «Шығысэнерготрейд» ЖШС Шығыс өңірінің өткізу жөніндегі директоры  

-Харламова Татьяна Николаевна - «Шығысэнерготрейд» ЖШС персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы

-Гайсина Балжан Советовна - «Шығысэнерготрейд» ЖШС сату жөніндегі аға менеджер

«Мінсіз қызметі үшін» корпоративтік медальінің иегерлері компанияның дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен - жаңа LG теледидарлармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 2018 жылдан бастап басшылардың шешімімен осы марапат жылсайынғы болады.

1 624

Басқарма төрағасы «ШҚ АЭК» АҚ Қырқынбаев Ерлан Амантайұлы энергетиктер үшін ерекше күнмен құттықтап, өткен жылда жеткен  жетістіктерді атап өтті және олардың баға жетпес еңбегі үшін алғысын білдірді. Өз сөзінде компанияның әрбір жетістігі ол стратегиялық мақсаттарды сәтті орындағанның нәтижесі және әрбір қызметкердің еңбегі екендігін атап өтті.

Сахнада кәсіби марапттар берілді: «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» төс белгісін  Смагулов Бауржан Рамазанович – Семей АЭС бастығы алды. ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбегі сіңірген энергетик» төс белгісі Күршім АЭС шебері Нуролда Токенович Аплотановқа, «Құрметті энергетик» төс белгісі "ШҚ АЭС" АҚ еңбек қорғау инженері - Алтын Капаровна Даукежановаға, ҚР Энергетика министрлігінің құрмет грамотасы Жарма АЭС қосалқы станциялар тобының шебері -  Кайрат Мусаевич Джабагиновке табыс етілді. Одан өзге Қазақстан электр энергетикалық ассоциациясының марапаттары болды: «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» төс белгісімен Орталық диспечерлік басқармасының аға диспечері - Дикорев Николай Николаевич,   «Құрметті энергетик  Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» төс белгісімен бірден 4 қызметкер Букенова Мария Толеухановна – өндірістік-техникалық бөлім бастығы, Светачев Николай Викторович – электр таратушы желілер басқармасының әуе желілерін жөндеу шебері, Байгабулов Серик Тулеубекович- жоғары вольтты сынақ және өлшеу бойынша инженері, Немченко Александр Григорьевич – релелік қорғау мен автоматика басқармасының жетекші инженері марапатталды.

js 51

js 104

Семей аудандық электр желілерінің 100 жылдығының құрметіне компания басшылығымен мерейтойлық «100 жыл Семей электр желісі» медалі бекітілді. Марапат компанияда көп жылғы еңбегі және Семей аудандық электр желілерінің дамуына зор үлес қосқаны үшін берілді.

Семей қаласының әкімі Ермак Салимов та мерейтой иелерін құрмет грамоталарымен құттықтап: «Энергетиктер күні – кәсіби мереке, оны жыл сайын біздің үйлерімізге тарататын жарық пен жылуды өндіретін кәсіпорындардың әрбір қызметкері атап өтеді. Энергетиканың  біздің өміріміздегі орны ерекше, экономикамыздың барлық саласы үшін аса маңызды. Сіздерді 100 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Мықты денсаулық, бақыт және береке байлық тілеймін»- деді.

Сонымен қатар Энергетика күніне орай қайырымдылық іс-шаралары өткізілді – бір қатар жетім балалар мекемелері және қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған  медициналық-әлеуметтік мекемелері естелік сыйлықтар алды.

dsc05734

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67