-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
«ШҚ АЭК» АҚ-ның ШҚО бойынша ТМРжБҚКД-мен сот талқылауының нәтижелері туралы
18.06.2019 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен «ШҚ АЭК» АҚ тарифті бекітуден бас тарту бойынша ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің әрекеті заңсыз деп танылды.
04.02.2019 жылы «ШҚ АЭК» АҚ Монополияға қарсы департаментіне негіздеуші және растаушы материалдарды қоса бере отырып, стратегиялық тауар құнының өсуіне (шығындарды өтеуге электр энергиясы) байланысты тарифті өзгертуге өтінім ұсынған.
Департамент тиісті ережелердің болмауы және ҚР заңнамасының өзгеруі себебі бойынша, бұл ережелердің осындай өтініштер түрін қарауға қолданылатындығына қарамастан, тарифті бекітуден бас тартты. Сот талқылауы барысында жалғыз елеулі өзгеріс өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту болып табылатыны анықталды.
Шығындарды өтеуге арналған шығындардың ұлғаюына байланысты тарифті бекітуден бас тарту облыстың энергиямен қамтамасыз етілуіне қауіп төндіреді, өйткені жүйелік оператор мен станциялар техникалық сипаттағы шектеулер енгізілуі мүмкін және соның салдарынан тұтас елді мекендер мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді (мектептер, ауруханалар, балабақшалар және т.б.) электр энергиясын беруден ажыратуға әкеп соқтырады.
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында «ШҚ АЭК» АҚ сот органдарына жүгінуге мәжбүр болды.
ШҚО бойынша МАЭС шешімімен «ШҚ АЭК» АҚ өтініші ішінара қанағаттандырылды. Сот Департаменттің іс-әрекетін заңсыз деп таныды және Департаментпен «ШҚ АЭК» АҚ-ның бекітілген тарифті оның 2019 жылға электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту туралы өтінішін қабылдау және қарауды 01.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізуді міндеттеді.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 18.06.2019 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Сонымен қатар, «ШҚ АЭК» АҚ шығындарын өтеуге кеткен шығындардың артуы тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясының тарифтеріне әсер етпейді.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«ШҚ АЭК» АҚ - қызмет көрсетілетін жабдық бірліктерінің саны мен желілердің ұзындығы бойынша Қазақстанның ең ірі өңірлік энергия беруші кәсіпорындарының бірі.
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ қызметінің негізгі түрі электр энергиясын беру және тарату болып табылады. Кәсіпорын желілерінің ұзындығы – 35 000 км.
Баспасөз қызметі: Баденова Асель +7 (701) 221 71 38, эл. мекенжай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.;
Шаяхметова Айгерим +7 (701) 244 00 17, эл. мекенжай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.