ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

Электр тоғымен зақымданудың өзіне тән ерекшелігінің бірі жасырын түрде қауіп төндіруі - оны көру, есту, иісін сезу мүмкін емес, сондықтан кернеу астындағы электр қондырғыларына жақындаған сәтте тым кеш болуы мүмкін.

Қатты дауылдың салдарынан үзілген электр берілісінің әуе желісіндегі үзілген сымдарды жөндеу жұмыстары толық біткенге дейін, ата-аналар мен үлкендерден кішкентай балаларды далаға қараусыз ойнауға жібермеулерін өтінеміз.

Әуе желісі сымдары астында қандай да бір құрылыс жұмыстарын, отынды, шөптерді жинауға, от тұтатуға, сондай-ақ батпырауық ұшыруға, ауыр жүкті көліктің жүгін түсіруге, шағын көлік құралымен өтуге тыйым салынады, егер көлемді болса әуе желісі сымдарына дейін 2 метрден кем қашықтықты құрауы керек. 

Әуе желісінің күзету аймағында балық аулауға тыйым салынады ! Бұл – жай ғана сөз емес, шын мәніндегі қауіп жөнінде ескерту болып табылады, оны елемеу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Аумақта және электр желілік құрылыстар ғимаратында бөгде адамдардың болуына және өз еркімен ауыстырып қосулар және электр желісіндегі қосылуды жүргізуге тыйым салынады. Электр қондырғысы қоршауының есігін ашуға және қоршау сыртына және бөгеулерге кіруге тыйым салынады. Бұл қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.

Электр жабдықтарындағы ескерту белгісіне және әуе желісі тірегіне ерекше назар аударыңыз «Абай бол. Жоғары кернеу!» - найзағай бейнеленген сары үшбұрыш немесе «Өрмелеме. Мерт боласың» белгісіне назар аударыңыз.

6-35 кВ электр құрылғысында жерге тұйықталу кезінде, мысалы электр энергиясын таратудың әуе желісі сымдары үзілген жағдайда адымдық кернеу пайда болады, мұндай жағдайда 8 метрден кем қашықтықта тұйықталған жерге жақындауға тыйым салынады. Егерде сіз сымды тым кеш байқасаңыз, жерден табаныңызды үзбей және табан арасында алшақтық жасамай, сол жерден кетуге тырысыңыз.

Балаларға электр тоғымен зақымдану қауіптілігі туралы тұрақты түрде ескертіп отырыңыз және оларға электр берілісі желісінің тірегіне шығуға тыйым салыңыз, сымдар мен коммуникациялар орналасқан, тұрғын үйлердің техникалық жертөлесіне немесе транформаторлық қосалқы станцияға кіруге тыйым салыңыз. Бұл жерлерде арнаулы ескерту белгісі қойылған немесе тиісті түрдегі плакаттар бекітілген. Барлық плакаттар мен белгілер адамды электр тоғымен зақымдану қауіптілігі туралы ескертеді және оларды елемеу және алып тастауға болмайды. Балаларды электр тоғының әсеріне түсудің барлық қауіптілігін түсіндіріңіз. Қолданыстағы тұрған электр қондырғысы – ойындар мен көңіл көтеретін жер емес.

ТҰРМЫСТАҒЫ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ

  • розеткалар раковина мен ваннадан мүмкіндігінше алыс болуы керек, электр құралына және

металл жерлендірілген бөлігіне бір уақытта жанасуды болдырмау үшін;

  • ұзартқышпен жұмыс істеу аяқталған соң оны алдымен розеткадан ағытыңыз, содан кейін

қалыпты жай-күйіне жинаңыз;

  • жасырын электр тартылымы өтетін жерді білмесеңіз, қабырғаға шеге қақпаңыз;
  • розеткалардың және басқадай жалғағыштардың ұшқындамуын, қызбауын, қолдану

кезінде шыртылдамауын қадағалаңыз;

  • электр аспаптары сымының жиһазбен, есікпен, терезе жақтауына қысылмауын және су

құбырларына және жылыту батареясына жанаспауын қадағалаңыз;

  • жоғары вольтты электр берілісі желісінің астында жүруге кеңес берілмейді,олармен ауада

құрылған электр кернеуі адам ағзасына кері әсер етеді.

 

ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • электр қосалқы станция аумағында, транформатор  пункті  жанында және олардың аумағында, әуе желісі сымдары астында ойнауға;
  • әуе желісі тіректеріне шығуға, оқшаулатқыштарды сындыруға, қандай болмасын бір заттарды сымдарды лақтыруға;
  • 8 метрден жақын аралықта үзілген электр сымдарына жақындауға;
  • қолданыстағы электр жабдықтарын ҚС,ТҚС,ТҚ ғимараттарына кіруге болмайды;
  • ағашқа шығуға, егер оның жанынан әуе желісі өтетін болса немесе сымдар ағаштар бұтақтары арасынан өтетін болса;

      -    электр қосалқы станциялары аумағына түсіп кеткен, заттарды алуға;

  • әуе желісінде салбырап тұрған сымдарына тыйым салынған қашықтықта жақындауға;
  • электр құралдары мен үйдегі электр сымдарын өз бетімен жөндеуге;
  • тұрмыстық желіге артық жүктеме түсіруге - бұл қысқаша тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін;
  • егер қолыңыз дымқыл болса, электр құралдарын қосуға және жақындауға;
  • жалаңаш сымдарына жақындауға;
  • үйлердің кіреберісінде болатын, сатылы электр қалқанын және кірме қалқанын ашуға;
  • сақтандырғыш ретінде калибрленбеген балқығыш қоспаларды қолдануға;
  • номиналды тоғы жоғары автоматты сөндіргіштерді қолдануға.

Адамдар немесе жануарлар электр тоғымен зақымданған жағдайда, жерге түскен салбыраған немесе үзілген сым табылған сәтте, электр қондырғысының ашық есіктерін, бүлінген тіректерді көрген кезде шұғыл түрде ЖТҚС корпусында, қосалқы станция есігінде немесе электр энергиясын төлеу түбіртегінде көрсетілген телефон бойынша хабарлаңыз немесе жедел жәрдем қызметінің 103 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз.

 

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67