-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
- Жарияланды 17 Наурыз 2020
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ШҚ АЭК» АҚ) электр энергиясының тұтынушыларын келесілер туралы хабардар ету қажет деп санайды.
16.03.2020 жылдан бастап Қазақстанның барлық аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты төтенше жағдайдың (бұдан әрі–ТЖ) еңгізілуіне байланысты, ТЖ әрекет ету кезеңінде «ШҚ АЭК» АҚ электр желілеріне қосылған Шығыс Қазақстан облысының тұтынушыларынан электр энергиясын есептеу құралдарынан көрсеткіштерді алу бойынша жұмыстарды орындауды шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім «ШҚ АЭК» АҚ қызметкерлерінің қоғамдық көлікте және электр энергиясын тұтынушылармен байланыста жүруі кезінде инфекцияны жұқтыру және тарату тәуекелдерін азайту мақсатында қабылданды.
Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64, 65-тармақтарының талаптарына сәйкес электр энергиясын есептеу кейінгі кезеңде түзетіле отырып, орташа тәуліктік шығыс бойынша жүзеге асырылатын болады. Мүмкін болған жағдайда, абоненттер электр энергиясын есептегіштердің көрсеткіштерін телефон арқылы, үй немесе пәтер орналасқан жердегі электр желілерінің ауданына бере алады.
ТЖ жойылғаннан кейін, қажет болған жағдайда тұтынушының өтініші бойынша осы кезеңге қолданыстағы сараланған тарифтерді ескере отырып, наурыз-сәуір айлары үшін электр энергиясын тұтынуды есептеуге барлық қажетті түзетулер енгізілетін болады.