-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
- Жарияланды 19 Наурыз 2020
16.03.2020 жылдан бастап Қазақстанның барлық аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қатысты төтенше жағдайдың (бұдан әрі – ТЖ) енгізілуіне байланысты, ТЖ әрекет ету кезеңінде әлеуметтік шиеленіске жол бермеу мақсатында тұтынушыларды, әлеуметтік маңызы бар объектілерді, тұтынылған электр энергиясы үшін қарыз болған жағдайда «ШҚ АЭК» АҚ тарапынан ажыратулар жүргізілмейді.
Бұл ретте, өңірдің тұтынушыларын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында жабдықтарды жоспарлы-алдын ала жөндеу, сонымен қатар қалалар мен аудандардың ТКШ жасалған шарттар шеңберінде электр желілеріне техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау қажет деп есептейміз. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген және штаттық режимде жүргізілуі тиіс. Ағымдағы айдағы жоспарлы өшіру туралы толық ақпарат компанияның ресми сайтында орналастырылған www.ekrec.kz, тұтынушыларға (заңды тұлғаларға) қосымша телефонограммалар жіберіледі, тұрмыстық тұтынушылар жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері арқылы хабардар етіледі.
Жоспарлы-алдын алу жұмыстарын уақтылы жүргізбеу өз кезегінде ТЖ жағдайында Электрмен жабдықтаудың неғұрлым ұзақ үзілуіне алып келетін апаттық ажыратуларға әкеп соғуы мүмкін, ал желілерге техникалық қызмет көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберіндегі жұмыстарды орындамау орындаушы тарапынан шарттық міндеттемелерді орындамауға әкеп соқтырады.