Баспасөз-хабарламасы: Өскемен қ. КШТ шағын ауданы Ильяс Есенберлин даңғылы, 6 мекенжайы бойынша тұратын электр энергиясы тұтынушыларының өтінішіне қатысты

Өскемен қ.                                                                                                                                                        «13» мамыр  2020 жыл

   Өскемен қ. КШТ шағын ауданы Ильяс Есенберлин даңғылы, 6 ​ мекенжайы бойынша тұратын электр энергиясы тұтынушыларының өтінішіне қатысты, «Шығысэнерготрейд» ЖШС шот хабарламасындағы қате сомалардың мәселесі бойынша түсініктеме береміз:

   ТЖ әрекет етуі кезеңінде әлеуметтік  шиеленісті болдырмау мақсатында әлеуметтік-маңызды объектілер, «ШҚ АЭК» АҚ және «Шыгысэнерготрейд» ЖШС тарапынан тұтынылған электр энергиясы үшін қарызы болған жағдайда тұтынушыларды ажырату жүргізілмеген. Бұдан басқа, инфекцияның таралуын және жұқтыру қауіп-қатерін азайту мақсатында  «ШҚ АЭК» АҚ жұмыскерлерінің қозғалысы кезінде электр энергиясын аспаптарының көрсеткіштерін  шешу бойынша жұмыстарды шектеуге шешім қабылданған. Тұтынылған электр энергиясы үшін  есептеу кейінгі кезеңге орташа тәуліктік шығын бойынша  жүргізілген. Аталған норма электр энергиясын пайдалану қағидасының 64,65-бабының талабымен реттеледі. Қажет болған жағдайда, тұтынушылардың өтініші бойынша электр энергиясын тұтынуын ескере отырып барлық қажетті түзету енгізілетін болады және қолданыстағы кезеңге сараланған тарифтер ескеріледі.

    «Аталған үйдің тұрғындарының хаттамалық шешімі бойынша, жалпы үйлік қажеттіліктерге электр қуатын нақты тұтыну әр пәтер бойынша электр энергиясының шотына қосылады. Соңғы есептік кезеңге электр энергиясы көлемінің артуы жалпы үйлік қажеттіліктерге (ЖПК) ғана анықталған. Нақты анықталғандай, ЖПК Электр энергиясын пайдалану қағидасын бұзып, энергимен жабдықтау келісімшартынсыз,  аталған үйдегі дүкенге қосылуға рұқсат берген, электр энергиясын тұтыну жалпы үйлік қажеттіліктің көлеміне енгізілген» дейді «Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директорының орынбасары Айнаш Абдулманова.

    Қазіргі таңда Электр энергиясын пайдалану қағидасын бұзу актісі энергетиктермен жасалған, барлық тұтынушыларға қайта есептеу жүргізіледі.

 

    Жеке тұлғалармен  айлар  бөлігінде 2019-2020 жж. электр энергиясын салыстырмалы талдауы

Кезең

наурыз

 сәуір

кВт*с

кВт*с

2019 ж.

19 177 532

18 550 566

2020 ж.

19 196 511

19 261 036

Өсу/тұтынудың төмендеуі

18 979

710 470

  

    Тұтынушылар тарифтің бірдей еместігіне назар аударған, себебі аймақтың тұрғындарының әлеуметтік деңгейін қолдау үшін ШҚО Шығысэнерготрейд энергиямен жабдықтаушы ұйымы Республикада  ТЖ әрекет етуінің кезеңінде 1 топтағы тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифті өз бетімен 2% ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 31 мамырға дейін төмендеткен, сондықтан наурыз және  сәуір айларына  тарифтер әр түрлі болады.

______________________________________________________________________

«ШҚ АЭК» АҚ – желілердің ұзақтығы және жабдықтар бірлігіне қызмет көрсету саны бойынша Қазақстанның ірі  аймақтық энергия жеткізуші кәсіпорындарының бірі болып табылады. «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі электр энергиясын жеткізу және тарату. Кәсіпорын желісінің ұзақтығы 35 000 км. құрайды.

 Баспасөз қызметі: Баденова Асель +7 (701) 221 71 38, эл. адрес: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67