Электр энергиясының тұтынушыларының назарына!

   «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ (бұдан әрі- «ШҚ АЭК» АҚ) тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметаның, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы 2019 жылға есеп беруді 2020 жылдың 29 мамырында өткізуді жоспарлады.

   Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 21.05.2020 жылғы №10 «Шығыс Қазақстан облысының аумағында CОVІD-19 салдарынан туындаған коронавирустық індетінің таралуын оқшаулау және алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысына сәйкес, шектеу, оның ішінде шаруашылық және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмір сүру жағдайы ерекше карантиндік іс-шаралар 2020 жылғы 01 маусым сағат 07:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында сақталды.

   Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37-ПГВр «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық індетімен аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысының 6 тармақтың 1 тармақшасына сәйкес, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

   Құқық бұзушылықты болдырмау үшін «ШҚ АЭК» АҚ Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне көпшілік тыңдауларды өткізуге рұқсат беру туралы өтініш жасады.

   «ШҚ АЭК» АҚ сұрауына жауап ретінде Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері шектеу іс-шараларын алып тастағанға дейін көпшілік тыңдауды ұйымдастырудан тартынуды ұсынды.

   Сонымен қатар, шектеу іс-шараларының тәртібі мен мерзімі COVID-19 коронавирустық індетінің таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне, Шығыс Қазақстан облысының аумағында оның өсу қарқынына сәйкес өзгертілуі мүмкін және Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қосымша қаулысымен регламенттелетін болатыны хабарланды.

   Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «ШҚ АЭК» АҚ көпшілік тыңдауларды шектеу іс-шаралары алынып тасталғаннан кейін өткізеді.

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67