-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
2019 жылға 17 шілдеде тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы "ШҚ АЭК" АҚ инвестициялық бағдарламасы және бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы жыл сайынғы есеп беруі болып өтті. Карантиндік шараларды сақтау мақсатында, көпшілік алдынағы тыңдаулар саны шектеулі қатысушылармен, қатаң санитарлық нормаладың сақталуымен,сонымен қатар онлайн форматында @vkrec_shygysenergo Инстаграмм компанияның ресми парақшасында өтті.
Спикерлер ретінде Абдилдабеков Жақсылык Мұратұлы даму жөніндегі басқарушы директор және Шмаленко Марина Ивановна тариф құру бөлімінің бастығы сөз сөйледі.
Есеп беруде субъекті қызметінің келесі көрсеткіштері көрсетілді: реттелетін қызмет көрсету бойынша тұтынушылармен жүргізілген жұмыстар туралы, 2016-2020жж. инвестициялық бағдарлама және шекті тарифтер динамикасы. 2019 жылға ҚР АЭК шартты өлшемінің болуы және бекітілген тариф деңгейінің жеткіліксіздігі аясында күрделі салымдар үшін бекітілген тарифтердің салыстырмалы талдауы толық түрде ұсынылды.
Сондай-ақ презентацияда 2019 жылға қызметінің реттелетін түрі бойынша негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Есепті кезеңге инвестициялық бағдарлама және "ШҚ АЭК" АҚ-ның тарифтік сметасын орындау ұсынылған. Инвестициялық бағдарлама іс-шараларын орындауға қатысты қосалқы станциялар және жоғары вольтты желілерді қайта құру, жаңарту, инвестициялық бағдарламаның ірі объектілері туралы айтылды.
Заңнама талаптарына сәйкес «ШҚ АЭК» АҚ 2019 жылға арналған есепті аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында - апта сайынғы «Устинка плюс» №18 (1084) газетінде, сондай-ақ www.ekrec.kz компанияның ресми сайтында жарияланды.