-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
30 шілдеде «ШҚ АЭК» АҚ 2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп шеңберінде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында көпшілік тыңдаулар өтті.
Есепте 2020 жылдың 1 жартыжылдығындағы реттелетін қызмет түрі бойынша негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер, тарифтік сметаның орындалуы, «ШҚ АЭК» АҚ 2020 жылғы инвестициялық бағдарламасы, сондай-ақ электр желілерін, энергетикалық жабдықтарды жаңғырту және қайта құру жөніндегі іс-шаралар ұсынылды.
Көпшілік тыңдаулар санитарлық нормаларды сақтай отырып, қатысушылардың шектеулі санымен, сондай-ақ «ШҚ АЭК» АҚ Инстаграм @vkrec_shygysenergo ресми парағында онлайн форматта өтті, онда тұтынушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Есеппен, 2020 жылғы 4 тамыздағы «Рудный Алтай» облыстық газетінен толығырақ танысуға болады.