-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
«ШҚ АЭК» АҚ және «Шығысэнерготрейд» ЖШС компаниялар тобы аймақтағы коронавирус індетіне қарсы күрестің басты майданында жүрген Шығыс Қазақстан облыстық оңалту орталығының дәрігерлеріне жеке қорғаныс құралдары түрінде қолдау көрсетті.
«Бүкіл әлем бойынша медицина қызметкерлері соңғы бірнеше айда шұғыл режимде және аса ауыр жүктеме жағдайында жұмыс істейді. Күн сайын дәрігерлер, медбикелер мен мейіргерлер адамдардың өмірін құтқаруды жалғастыруда. Олардың қиын жұмысына қолдау көрсету – бұл мемлекеттің ғана емес, қоғамның да міндеті. Осыған байланысты біз барлық медициналық қызметкерлерге алғысымызды білдіріп, ізгілікті көмек түрінде жеке қорғаныс құралдарын - респираторлық және тоқыма емес маскалар, қолғаптар, медициналық халаттар мен қорғаныс экрандарын ұсынғымыз келеді. Өз кезегінде біз облысымыздың медицина қызметкерлеріне уақытылы және білікті көмек көрсеткені үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз, ол тиісті емдеуден көрініс тауып, «ШҚ АЭК» АҚ және «Шығысэнерготрейд» ЖШС қызметкерлерін елді мекендерді және жалпы облысты энергиямен қамтамасыз етуге байланысты қатарға тез қайтаруға көмектесті». – «ШҚ АЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Маканов.
Облыс энергетиктері кез-келген көмек, сондай-ақ бүкіл халықтың бірлігі мен тұтастығы Қазақстанға осы қиын уақытта көмектесетініне сенімді.