«БЭCК» АҚ Объектілері бойынша баспасөз туры

«БЭCК» АҚ Объектілері бойынша баспасөз туры

2021 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев жұмыс сапарымен Өскемен қаласына (ШҚО) келді, онда «Біріккен ЭнергоCервистік Компания» АҚ нысандары бойынша баспасөз турына қатысты.

Баспасөз турын ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «БЭCК» АҚ баспасөз орталығымен бірлесіп ұйымдастырды және өткізді.

Аслан Дарабаев баспасөз туры барысында келесі бесжылдыққа арналған инвестициялық бағдарламаларды орындауымен танысты.

Баспасөз турына қоғам және БАҚ өкілдері де қатысты.

110/35/6 СДИ қосалқы станциясы және 110/35/6кВ «Левобережная» қосалқы станциясы – Бұл баспасөз турына қатысушылар барған объектілер.

2016-2020 жылдардағы инвестициялық бағдарлама шеңберінде Өскемен қаласының оң жағалау бөлігінің санатты объектілерін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ нәтижесінде электр энергиясынсыз 48 793 абонент қалған 2017 жылы туындаған төтенше жағдайды жою мақсатында 110/35/6 кВ «СДИ» қосалқы станцияларын 25000кВА екі күштік трансформаторын 40000кВА ауыстыру және 35кВ екі вакуумдық ажыратқышты орнату арқылы қайта жаңарту жүргізілді.

110/35/6кВ «Левобережная» қосалқы станциясы Өскемен қаласының 100 мыңнан астам тұтынушысы бар тораптық қосалқы станцияларының бірі болып табылады. Бұл қаланың 1965 жылы салынған алғашқы қосалқы станцияларының бірі екенін атап өткен жөн. Технологиялық бұзушылықтар туындаған жағдайда, қосалқы станциялар токтан ажыратылады: СДИ, № 42, № 26. Электр энергиясының кернеуін үздіксіз беру үшін қолданыстағы МКП-110 ажыратқыштарын элегаздыққа, РВС-110 ажыратқыштарын ОПН-110 асқын кернеуін шектегіштерге, РНДЗ-110 ажыратқыштарын алыстан қолмен басқарылатын ажыратқыштарға, НКФ-110 кернеу трансформаторларын элегаздылыққа, ТФЗМ-110 ток трансформаторларын элегаздылыққа және т.б. ауыстыра отырып, қосалқы станцияны қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Нысандармен танысуды «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары Жанабаев Бакытжан Кайратович жүргізді.

Сонымен қатар, іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы – Малик Арман Сапаргалиевич, Басқарма Төрағасы Маканов Ерлан Тлегенович, Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Уразов Тимур Аскарович қатысты.

        2

                    3

4

5

Осы нысандарды аралау барысында баспасөз турына қатысушылар 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламамен, оның ішінде бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2021 жылы не орындалғаны және не орындау жоспарланғанымен танысты.

Жалпы, «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ бекітілген тарифтік смета шеңберінде инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және сапасын қамтамасыз етуге, электр желілерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға және шығындарды азайтуға бағытталған жабдықтарды жаңғырту бойынша бірқатар ірі ауқымды іс-шаралар көзделген.

6

2020 жылы инвестициялық бағдарламаны орындау шеңберінде 21 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, 72 жоба бойынша ведомстводан тыс сараптама қорытындысы алынды.

Тарифтік ведомство басшысы Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ энергия беру саласындағы рөлін атап өтіп, ақырғы тұтынушылар үшін қызмет көрсету сапасы тәуелді облыстың жабдықтаушы ұйымдарына электр энергиясын беру бойынша қызметті сапалы жүзеге асыруда инвестициялық бағдарламалар шеңберінде олардың міндеттемелерін орындауының маңыздылығын атап өтті.

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67