-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі – ШҚАЭК немесе Актив) 710 756 дана жай және 45 865 артықшылықты акциясын, оның ішінде «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ның (бұдан әрі – ШЭТ немесе Актив) 100% қатысу үлесін сату бойынша мына талаптар негізінде сауда-саттық өткізетіні туралы хабарлайды:
сауда-саттық өткізу тәртібі: екі сатылы ашық конкурс
конкурс өткізу тәртібі:
1) бірінші кезең – конкурсқа қатысуға өткізілетін конкурстың мәні бойынша алдын ала берілетін ұсынысы бар өтінімдерді беру және қарастыру. Бірінші кезеңнің нәтижесінде тұлғаларға екі сатылы ашық конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылданады;
2) екінші кезең – конкурстық ұсынымдар беру және қарау, оның негізінде екі сатылы ашық конкурстың жеңімпазы анықталады.
бастапқы бағасы: 97 922 мың АҚШ доллары, теңгемен төлеу арқылы, активті сатып алған күнгі Ұлттық Банктің бағамы бойынша;
кепілді жарна: 14 688 мың АҚШ доллары, кепілді жарнаны төлеген күнгі Ұлттық Банктің бағамы бойынша теңгемен төлеу арқылы/банктің кепілдік беруі арқылы (бастапқы бағаның 15% - ынан кем емес);
өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 15А;
сауда-саттыққа қатысуға өтінім берген күн және уақыт: 09.01.2015ж. 14:00;
екі сатылы ашық конкурстың қорытындысы шығарылатын күн: бірінші сатыны өткізу қорытындылары бойынша анықталады;
алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлері:
- ШҚАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- ШҚАЭК пен ШЭТ-тің табиғатты қорғау бойынша іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;
- ШҚАЭК пен ШЭТ-тің қызмет бейінінің сақталуын қамтамасыз ету;
- ШҚАЭК-тің акцияларын сатып алған сәттен бастап 12 ай ішінде ШҚАЭК пен ШЭТ-тің жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз ету;
- ШҚАЭК-тің акцияларына меншік құқығы өткен сәттен бастап 12 ай ішінде ШҚАЭК пен ШЭТ-тің басқару және техникалық қызметкерлері құрамының кемінде 2/3 бөлігінің сақталуын қамтамасыз ету;
- ШҚАЭК-тің акцияларына меншік құқығы өткен сәттен бастап 12 ай ішінде ШҚАЭК пен ШЭТ-тің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолданыстағы тәртібі мен оларды пайдалану талаптарын сақтау;
- ШҚАЭК пен ШЭТ-тің белгіленген мерзімде кредиторлық берешегінің өтелуін қамтамасыз ету;
- сатып алушыға ШҚАЭК-тің акцияларына меншік құқығы көшкенге дейінгі кезең үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның пайдасына дивидендтер төленуін қамтамасыз ету;
- ұзақ мерзімді перспективада тарифтердің күрт өсуін болдырмай сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- деңгейлердің өзгерісін және аталған деңгейлерге қол жеткізу мерзімдерін көрсете отырып, электр желілерінің техникалық жай-күйін жақсарту және электр энергиясының технологиялық шығындарын азайту бойынша міндеттемелер қабылдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- қатысушы тиісті түрде тіркелген заңды тұлға, консорциум немесе жеке тұлға болуы мүмкін;
- мына деректемелер бойынша кепілді жарна ұсыну (ақшалай аударым немесе банк кепілдігі түрінде):
БСН 070 540 008 194;
СТН: 620 300 292 280;
ЖСК: KZ216010131000078623;
БСК HSBKKZKX, Кбе 17;
«Қазақстан Халық банкі» АҚ №139900 АО АОФ.
- «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтері мен объектілерін сатып алудың бірыңғай қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш беру. Аталған Қағида мына сайтта орналастырылған: www.skc.kz.
- алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлерінің талаптарын орындауға дайын екендігі туралы міндеттеме хат ұсыну;
- Қағиданың 148-т. сәйкес электр желілі активтерді басқару тәжірибесінің бар екендігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге құжаттарды ұсыну;
Активке қатысты құжаттамамен танысу тәртібі: Активке қатысты құжаттама виртуалды ақпараттық бөлмеде (data room) орналастырылған. Құжаттардың электронды базасына рұқсат алу үшін сауда-саттықты ұйымдастырушымен құпиялылық туралы келісім жасау, виртуалды ақпарат бөлмесіне кіру үшін логин және пароль алу қажет.
конкурсқа қатысу үшін өтінім беру тәртібі:
Конкурсқа қатысу туралы конвертке салынған өтінімдерді әлеуетті сатып алушылар мына мекенжайға ұсынады (жібереді): «Самұрық-Энерго» АҚ, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 15А, 509-каб. («Q» Бизнес орталығы).
Конкурсқа қатысуға өтінімді қолма-қол тапсырған жағдайда уәкілетті өкілдің тиісті сенімхаты болуы міндетті.
Конкурстық ұсыныстарды бағалау критерийі екінші саты барысында анықталып, екі сатылы ашық конкурсқа қатысушыларға жіберіледі.