Кәсіби жарыстар

 25-26 мамырда «ШҚ АЭК» АҚ-ның орталық оқу-жаттығу полигонында  тарату желілерін жөндеу және пайдалану бойынша бригадалардың жарысы өтті. Өз кәсіби дағдылары мен шеберліктерін 5 команда көрсетті: Таврия АЭЖ, Семей АЭЖ, Үржар АЭЖ, Зайсан АЭЖ және Күршім АЭЖ.

Сайыс барысында қауіпсіздік техника, электр қондырғыларын пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері бойынша теориялық және практикалық білімдері тексерілді. Жарыстың ең керемет көрінісі зардап шеккен адамды кернеуі 10кВ әуе желілерінің тіреуішіндегі электр тоғынан босату, ӘЖ-10кВ сымын ауыстыру, трансформатор ұяшығында өртті жою бойынша кезеңдері болды. Аға төреші мен төрешілер «ШҚ АЭК» АҚ сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасының және техникалық басқармалардың қызметкерлері болды.   

Осындай шаралардың мақсаты – компания қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін арттыру, әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері арасында тәжірибемен алмасу және нәтижесінде –электр қондырғыларда жұмыс жүргізу кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ШҚО тұтынушыларын электрмен жабдықтау сапасын арттыру. Жарыстар «Шығыс-Қазақстан электр желілерінің кәсіподақ ұйымы» ЖҚБ қолдауымен өткізілді.   

Көрсеткен өнерлерінің нәтижесі бойынша 1 орынға Таврия АЭЖ ие болды, 2 орынды Семей АЭЖ жеңіп алды, ал 3 орын – Үржар АЭЖ тиесілі болды. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен құнды сыйлықтар табысталды.  

«Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ өз желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату қызметін жүзеге асырады  және Шығыс-Қазақстан облысының аумағында қызмет көрсетеді. Кәсіпорын электр энергиясын 15 ауданға, 10 қалаға, 872 ауылға жеткізеді. Компания желілерінің ұзақтығы - 35 000 км. «ШҚ АЭК» АҚ –Қазақстанның ең ірі энергия жеткізуші кәсіпорындарының бірі. «ШҚ АЭК» АҚ өндіріс қызметкерлері желілік шаруашылықтың сенімділігін және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз етуде, олардың саны -2900 адам. Жалпы қызметкерлердің саны -3100 адам.

 

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67