-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
«Шығысэнерготрейд» ЖШС өз клиенттеріне демалыстар маусымында электр энергиясын төлеу жөнінде алдын ала қамдануды ұсынады.
Ең оңтайлы нұсқасы – бұл жаз мезгіліне алдын ала төлеу. Бұл үшін сапарға шығар алдында кез келген төлем қабылдау пунктінде шотта көрсетілген алдын ала есептеуді төлеу қажет. Сондай-ақ, сіз үйде болмаған уақытта үйді электр энергиясынан уақытша ажырату туралы өтініш жазуыңызға болады.
«Компания сайтында www.shygys.kz Жеке кабинет әрекет етеді, онымен қазіргі уақытта он мыңнан астам тұтынушы пайдаланады. Осы қызметтің көмегімен өз шотыңның жай-күйін тексеруге, төлемге түбіртек негіздеуге және есепке алу аспабының көрсеткіштерін беруге болады. Сонымен қатар, «Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Вячеслав Аксенов жеке кабинет арқылы Visa және MasterCard» төлем жүйесінің банк карталарының көмегімен тұтынылған электр энергиясы үшін шотты төлеуге болатынын еске салады.
Тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысу мерзімінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төлеу қажет. Электрмен жабдықтау келісім-шартының шарттарын бұзу электр энергиясының ажыратылуына ғана емес, ээ қосқанда қосымша шығындарға әкеліп соғады.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС өз тұтынушыларына жайлы жаз бен бейғам демалыс тілейді, сондай-ақ электр энергиясы үшін уақытында төлейтін барлық тұтынушыларына алғыс айтады.