-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) «Самұрық-Энерго» АҚ тобының ұйымдарын бәсекелес ортаға беру көзделді.
Қаулыны орындау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басым тәртіпте бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын иелік етуі және (немесе) пайдалануы және (немесе) билік етуі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсерін тигізетін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ірі еншілес тәуелді компанияларының тізілімін (№ 1 тізілім), сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын компаниялардың тізілімін (№ 2 тізілім) бекітті.
Активтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік құқығымен «Самұрық - Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін іске асыру, қайта құрылымдау бірыңғай ережеге сәйкес (бұдан әрі - Ереже) жүзеге асырылады.
АҚ "ШҚ АЭК" № 1 тізілімінің активтеріне енгізілген. Ережеге сәйкес № 1 тізілімінің активтерін сату активтердің құнын, сату тәсілдері мен шарттарын бағалау үшін тәуелсіз консультанттарды тарту арқылы жүзеге асырылады.
Бәсекелес ортаға сатуға жататын компаниялардың қаржы мен өзге құжаттарға барынша толық қолжетімділік алу үшін виртуалдық ақпарттық бөлмеде (data room) орналастырылған құжаттардың электрондық базасына рұқсат алу қажет. Құжаттардың электрондық базасына рұқсат алу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-мен құпиялылық туралы келісім жасау, виртуалдық ақпараттық бөлмеге кіру үшін логин және құпиясөз алу қажет.
Қосымша ақпартты мына телефондар бойынша:
8 (7172) 55 31 34; 8 (7172) 55 30 47,