«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің жаңа басшысы тағайындалды.

2016 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысының энергиямен жабдықтаушы ұйымында жаңа бас директор. 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып табылатын «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлары кеңесінің шешімі бойынша, Серіктестіктің бас директоры лауазымына Текешов Ерлан Хасенович тағайындалды.   

Ерлан Хасенович еңбек жолын 1982 жылы бастады. Геолог, Сауда және қызметтер департаментінің штаттан тыс инспекторы, ШҚО әкімі аппаратының «Істерін басқару» КМҚК бас директоры болып жұмыс атқарды.      

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, Өскемен қ. құрылыс бөлімін басқарды, Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы бастығының лауазымында болды.   

Әртүрлі жылдары Шемонаиха ауданының әкімінің орынбасары, Тарбағатай ауданының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Тағайындалған кезде «ШҚ АЭК» АҚ басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары қызметінде болды.   

«Кәсіпорынның дағдарысты қаржылық жағдайына қарамастан, Шығыс Қазақстанды электрмен сенімді жабдықтау бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін Серіктестікпен барлық шаралар қабылданады», - деп сендірді Ерлан Текешов.   

Ал, бұрын Серіктестіктің бас директоры лауазымында болған Аксёнов Вячеслав Иванович еңбек қызметін «ШҚ АЭК» АҚ-да режимдер және диспетчерлеу жөніндегі басқарушы директор қызметінде жалғастырады.   

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы «ШҚ АЭК» АҚ болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-на тиесілі. 

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67