Жаңалықтар
Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 44т. сәйкес «БЭСК» АҚ 2025 жылғы «22» сәуірден бастап уәкілетті органның ведомствосына шекті тарифтің көтеру жағына өзгеруін келісуге өтінімнің жіберілгені туралы хабарлайды.
Жаңа өтінімнің негіздемесі болып табылады:
- 2025ж. арналған тариф жобасында электр энергиясын беруге орташа өлшенген бағаның қолданыстағы тариф құрылымына кВт*сағ-қа 1,192 теңгеге өсуі;
- 2025ж. «КЕGОС» АҚ Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметке» кВт*сағ-қа 0,861 теңге мөлшерінде бағаны ұлғайту;
- Электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар кВтсағ-қа 0,728 теңгеге ұлғайтылды;
- Қолданыстағы тариф құрылымына кВт*сағ-қа 0,179 теңгеге жабдықтау үстемесін ұлғайту (Еңбекке ақы төлеу шығындары, материалдық шығындар, бөгде ұйымдардың қызметтері);
Электр энергиясына сараланған шекті бағалар жобасы (ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ):
- тұрмыстық тұтынушылар (тауарларды өндірумен (сатумен), жұмыстар және қызмет көрсетумен байланысты емес, электр энергиясын өз тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар) 19,332 теңге/кВтсағ мөлшерінде;
- өзге тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар) 35,213 теңге/кВтсағ мөлшерінде;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер, 32,135 теңге/кВтсағ;
- бюджеттік ұйымдар – 64,288 теңге/кВтсағ мөлшерінде.