Жаңалықтар
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!
Мемлекеттік мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Шуақты көктем әкелетін жылулық пен үмітпен бірге Наурыз адамдардың бейбіт өмірге, жақсылыққа, келісімге, жаңаруға, мейірімділік пен өзара сыйластыққа деген ұмтылысын оятады.
Бұл тамаша мерекеде сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, жақсылық тілейміз.
Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін, елімізде бейбітшілік болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!