Жаңалықтар
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Өсемен қ.
23.01.2025, 11:00
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарының ағымдағы жағдайы туралы хабарлайды
2025 жылы 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында электр энергиясының апаттық ажыратылуы орын алды. Бұған ауа-райының қолайсыздығы – екпіні секундына 20-30 метрге дейін соққан дауылды жел себеп болды.
Ағымдағы күн мен уақытқа 19 электр желісінің ажыратылуы тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысында 2500-ге жуық абонент электр энергиясынсыз қалуда.
«БЭСК» АҚ-ның 50-ден астам бригадалары апаттық жағдайларды жою жұмыстарын жүргізуде.
Жолдардың ресми жабылуы мен бригадалардың жөндеу жұмыстарын жүргізу орындарына жетуіне жол бермеуімен бұл жұмыс қиындай түсуде.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң электр энергиясын беру қайта қалпына келтіріледі.
«БЭСК» АҚ шыдамдылық пен түсіністік танытқандары үшін тұрғындарға алғыс айтады. Біз электрмен жабдықтауды қысқа мерзімде қайта қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз.