Жаңалықтар
САҚ БОЛЫҢЫЗДАР, АЛАЯҚТАР!
Құрметті тұтынушылар!
«БЭСК» АҚ соңғы кездері белгісіз тұлғалардың өздерін «БЭСК» АҚ қызметкерлеріміз деп таныстыру фактілері жиілеп кеткенін хабарлайды. Олар электр энергиясын есептеу құралдарын (электр есептегіштері) тегін ауыстыруды ұсынады және ол үшін SMS хабарлама арқылы алынған кодты сұрайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл қоңырауларды СІЗДЕРДІҢ жеке деректеріңізге қол жеткізуге тырысатын АЛАЯҚТАР жасайды.
Сізден өте сақ болуды және телефон арқылы жеке ақпаратты бермеуді сұраймыз. Ақпараттың дұрыстығын анықтау үшін «БЭСК» АҚ байланыс орталығына мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7232) 700-555.
Жеке деректеріңізге мұқият болыңыздар және тек компанияның ресми өкілдерімен байланыста болыңыздар!
Сондай-ақ, «БЭСК» АҚ теңгеріміндегі «ақылды есепке алу аспаптары (КЕАЖ)» - көрсеткіштерді автоматты түрде оқитын, және тұрғындарды энергиямен жабдықтаушы ұйымға ай сайын ақпарат беру қажеттілігінен босататын құрылғы ғана тегін ауыстыруға жататынын ескеріңіз. Тексеру мерзімі өткен есепке алу аспаптарын тұтынушылардың өздері КСК немесе қызмет көрсететін ұйымға хабарласу арқылы ауыстыруы керек. Немесе есептеу құралын ауыстыру бойынша ақылы қызмет көрсету үшін «БЭСК» АҚ-ға хабарласу қажет.
«БЭСК» АҚ қызметкерлері барған кезде фотосуреті және ұйым мөрі бар белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
Барлық фактілер мен алаяқтық туралы күдіктер бойынша дереу құқық қорғау органдарына «102», «112» номерлеріне хабарласыңыз.