Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы электр энергиясын тұтынушыларға арналған ақпараты

Құрметті тұтынушылар!

Берешек бойынша өшіруді болдырмау үшін тұтынылған электр энергиясы үшін уақытылы төлем жасауларыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 бұйрығымен бекітілген Тұрмыстық тұтынушыларға арналған Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына сәйкес

4 бөлім. Электр энергиясы үшін төлем жасау тәртібі

Тұтынушы төлемді Сатушы жазып берген төлем құжатының негізінде есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей жүргізеді. Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды.

Есептік кезең күндерінің саны айдың демалыс және жұмыс күндеріне байланысты ұлғаю не кему жағына қарай жылжиды.

Электр энергиясын қайта қосу АҚЫЛЫ екенін естеріңізге саламыз және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 62-тармағына сәйкес, егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын немесе осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым Тұтынушының бұзылуларды жою және қосылу бойынша көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттарын қоса бере отырып, өтінішпен жүгінгенне кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қосады.

Осы Қағидалардың талаптарын бұзуды жоймаған кезде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қосуды жүргізбейді.

 

Қосылу бағаларын сілтеме арқылы қараңыз

 

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.