-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
«БЭСК» АҚ электр желілерін жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны іске асыруда
- Жарияланды 02 Қазан 2025
Құрметті тұтынушылар!
«Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ Сіздердің назарларыңызға ҚР ҰЭМ ТМРК Абай облысы бойынша департаментінің дәлелді қорытындысы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының тұтынушылары үшін электр энергиясына бағалар (тарифтер) енгізілетінін жеткізеді:
- 2025 жылғы «01» қазаннаң бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін (электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар) – 17,447 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- 2025 жылғы «01» қарашадан бастап бюджеттік ұйымдар үшін (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар) – 67,462 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай сараланған электр энергиясына арналған тарифтер:
- Тұрмыстық тұтынушылар үшін (электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар), электр плиталарын пайдаланатын (оларға ҚНжЕ сәйкес газдандыруға жатпайтын үйлердің тұрғындары не егер үй салу жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық төлқұжатта оны газдандыру көзделмесе, сондай-ақ орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтаусыз үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары жатады):
- 15,398 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз — айына 90 кВт*сағ дейінгі шегінде тұтынылатын электр энергиясының бірінші деңгейлі тарифі;
- 20,936 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 90 кВтсағ-тан 170 кВтсағ-қа дейінгі шегінде тұтынылатын электр энергиясының екінші деңгейлі тарифі;
- 26,170 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 170 кВтсағ астам тұтынылатын электр энергиясына үшінші деңгейлі тарифі;
- Тұрмыстық тұтынушылар үшін (электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар) электр плиталарын пайдаланбайтын (оларға ҚНжЕ сәйкес газдандыруға жататын үйлердің тұрғындары не егер үй салу жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық төлқұжатта оны газдандыру көзделсе жатады):
- 15,041 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 85 кВт*сағ дейінгі шегінде тұтынылатын электр энергиясына бірінші деңгейлі тарифі;
- 20,936 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 85 кВтсағ-тан 165 кВтсағ-қа дейінгі шегінде тұтынылатын электр энергиясының екінші деңгейлі тарифі;
- 26,170 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 165 кВтсағ-тан жоғары тұтынылатын электр энергиясына үшінші деңгейлі тарифі;
- Жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген жалғыз тұратын тұлғаларға, меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар аталған тұлғаларды қоспағанда:
- 15,398 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 120 кВт*сағ дейінгі шегінде электр плиталарын пайдаланатын тұлғалар үшін электр энергиясына бірінші деңгейлі тарифі;
- 15,041 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 120 кВт*сағ дейінгі шегінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұлғалар үшін электр энергиясына бірінші деңгейлі тарифі;
- 20,936 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 120 кВтсағ-тан 170 кВтсағ-қа дейінгі шегінде электр плиталарын пайдаланатын тұлғалар үшін; айына 120 кВтсағ-тан 165 кВтсағ-қа дейінгі шегінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұлғалар үшін электр энергиясының екінші деңгейлі тарифі;
- 26,170 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 170 кВтсағ-тан жоғары электр плиталарын пайдаланатын тұлғалар үшін; айына 165 кВтсағ-тан жоғары электр плиталарын пайдаланбайтын тұлғалар үшін электр энергиясына үшінші деңгейлі тарифі.
ҚР ҰЭМ ТМРК Абай облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 01 қазандағы дәлелді қорытындысының негізінде «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау қызметі бойынша тұрғындар (тұрмыстық тұтынушылар) үшін тарифтер бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөле отырып, 2025 жылғы 19 қыркүйекпен салыстырғанда 5%-ға төмендеу жағына қарай өзгерді.
Тарифтерді қайта өзгерту - бұл 2025 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның өсуіне жол бермеу және инфляцияны 11% - дан аспайтын деңгейде ұстап тұру мақсатында инфляцияға салымды төмендету жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды іске асыру.
Толық ақпарат компанияның www.besk.kz ресми сайтында және «Тендер кз» газетінде жарияланды.