-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
«БЭСК» АҚ электр желілік жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуде
- Жарияланды 08 Қазан 2025
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамы пайдалану жұмыстары шеңберінде тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру мақсатында электр желілік жабдыққа техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуде.
Бесқарағай аудандық электр желілерінде (АЭЖ) №26 және КТПН-281 кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларға (КТҚС) қызмет көрсетілді. Жұмыс барысында: трансформаторды тексеру және техникалық қызмет көрсету, жабдықты тазалау, болтты қосылыстарды тарту, сондай-ақ іргелес аумақты санитарлық тазалау жұмыстары орындалды.
Семей АЭЖ-де ТП-315-тен 0,4 кВ әуе желісінде, сондай-ақ Бородулиха АЭЖ-де № 116-4 КТҚС-дан 0,4 Кв ӘЖ-де мамандар электр беру желілерінің трассаларын тұрақты электрмен жабдықтау үшін ықтимал қауіп төндіретін ағаштар мен бұтақтардан тазартты. Жұмыстар учаскелерде орындалды, бұл ықтимал технологиялық бұзушылықтар мен авариялық өшірулердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұл іс-шаралар электр желілерінің тұрақты, қауіпсіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.