-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
«БЭСК» АҚ электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде
- Жарияланды 19 Қараша 2025
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамы пайдалану жұмыстары шеңберінде электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындауды жалғастыруда. Жұмыстар тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Прииртыш АЭЖ-сінде электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтерлер №2 тарату пунктінен № 28 трансформаторлық қосалқы станцияға дейінгі 6 кВ Ж-28 кабельдік желіде жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, «Шаған» қосалқы станциясынан тарайтын 10 кВ Ж-1 әуе желісінде сымдарды қайта тарту, тіректерді түзету және байлауды ауыстыру жұмыстарын орындады.
Глубокое АЭЖ-сінде «Бобровка» қосалқы станциясынан тарайтын ӘЖ-10 кВ Ж-6-да № 495-496 тіректер аралығындағы сымның үзілген жерлері жойылды. Бұдан басқа, «Черемшанка» қосалқы станциясынан 10 кВ Ж-1 кәбіл желісінде № 1 тірекке шеткі муфта орнатылды.
Пригород АЭЖ-сінде жиынтық трансформаторлық қосалқы станциясында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

