-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
«КӨКТЕМ-2026» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
- Жарияланды 11 Наурыз 2026

«БЭСК» АҚ компаниясы «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты
Еліміз бойынша «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды. Негізгі мақсат — мемлекеттік азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарының, күштер мен құралдардың алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын арттыру.
Оқу-жаттығулар аясында Шығыс Қазақстан облысында халықты құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілді. Тәжірибелік бөлім өңірдің барлық аудандары мен қалаларында «БЭСК» АҚ-ның апаттық-қалпына келтіру бригадаларын тарта отырып өтті.
Облыс орталығында Ертіс өзенінің тармағында су деңгейі көтерілген жағдайдағы қызметтердің іс-әрекеттері пысықталды.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар барысында Өскемен АЭЖ энергетика қызметінің апаттық-қалпына келтіру тобы СТ «Ертіс-2» (Аблакетка ауданы) су басу аймағындағы электр тарату желілерін ажырату бойынша тапсырмалары орындады.
Су басу аймағындағы электр желілерін ажырату электр жабдықтарының зақымдануын болдырмау және халықтың электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
«Көктем-2026» оқу-жаттығуларын өткізу барлық қызметтердің өзара іс-әрекетінің үйлесімділігін тексеруге және өңірдің ықтимал су тасқыны тәуекелдеріне дайындығын растауға мүмкіндік берді.
