ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДАМЫЗ

  1

 

«БЭСК» АҚ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИГІ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

«БЭСК» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне электр энергиясы үшін төлем жасауға арналған дәстүрлі қайырымдылық акциясына қосылды. 

Акция аясында ардагерлер тізімі бойынша жеке шоттарды салыстыру жұмыстары жүргізілді.

 

Жеңіс күні қарсаңында «Өскемен ГЭС» ЖШС қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген санаттағы азаматтардың электр энергиясы төлемін өтеуге арналған дәстүрлі қайырымдылық акциясын өткізді.

Бұл акция 2010 жылдан бері, яғни 15 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Алғашында көмек өңірдегі гидроэлектр станциялары тарапынан көрсетілсе, бүгінде жоба еріктілік сипатқа ие болып, Өскемен ГЭС қызметкерлерінің жеке бастамасы мен қолдауының арқасында жалғасып келеді. Станция қызметкерлері өз еріктерімен қаражат жинап, сол қаражат есебінен ардагерлердің дербес шоттарына төлем жасады.

Биыл қолдау Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, бұрынғы кәмелет жасына толмаған концлагерь тұтқындарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға (барлығы 17 адам), сондай-ақ 1929 жылы туған және одан үлкен жастағы қайтыс болған соғыс қатысушыларының жесірлеріне (18 адам) көрсетілді. Әрбір көмек алушының дербес шотына орта есеппен шамамен 300 киловатт-сағат электр энергиясының төлеміне тең қаражат аударылды.

Ардагерлер тізімін дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі ұсынады. Ал дербес шоттарды тексеруді көп жылдан бері «Біріккен энергосервистік компания» АҚ жүзеге асырып келеді. Уақыт өте келе компания қызметкерлері де бұл бастамаға қосылып, жыл ішінде өзге айларда ардагерлердің электр энергиясы төлемін өтеуге қолдау көрсетіп жүр.

Энергетиктер мен ардагерлер ұйымдарының осындай ынтымақтастығы өңірдің көпжылдық игі дәстүріне айналды.

Жыл өткен сайын ардагерлер қатары сиреп барады. Сондықтан олардың ерлігі туралы естелікті сақтау ғана емес, қарапайым адами қамқорлық пен ілтипат көрсету де біз үшін аса маңызды. Бұл бейбіт өмір сыйлаған Жеңіс буынына білдіретін алғысымыздың бір белгісі.

 

«БЭСК» АҚ бұл игі дәстүрді жалғастырып, ағымдағы жылдың тамыз айында акцияға қайта қатысады.

 

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.