-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
КӘСІПТІҢ КҮШІ, КОРПОРАТИВТІК РУХ ЖӘНЕ ИГІ ДӘСТҮРЛЕР
- Жарияланды 19 Маусым 2026
2026 жылғы 17–18 маусым күндері Таврия АЭЖ оқу-жаттығу полигонында «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ-ның жедел-жөндеу қызметкерлері арасында жыл сайынғы кәсіби шеберлік жарыстары өтті.
Қатысушыларға құттықтау сөзбен «БЭСК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер Кусаинов Талгат Мамырханович, сондай-ақ құрметті қонақтар: ШҚО әкімінің орынбасары Байахметов Бакытжан Какенкажыевич, «ШҚО Энергетиктер-ардагерлер» бірлестігінің төрағасы Нургалиев Амангельды Кайсанович және басқалар сөз сөйледі.
Екі күн ішінде Абай және Алтай аймақтарының аудандық электр желілерінен келген командалар өздерінің кәсіби дағдыларын, командалық жұмысын және жедел әрекет ету қабілеттерін жеті сайыс кезеңінде көрсетті: зардап шеккен адамды құтқарудан бастап трансформатордағы өртті сөндіру және ӘЖ-10 кВ жұмыс жүргізуге дейін.
Жарыс жеңімпаздары:
- Семей АЭЖ — I орын
- Зайсан АЭЖ — II орын
- Таврия АЭЖ — III орын
Арнайы номинациялар:
- Үздік электромонтёр – Байғалиев Исхан Советханұлы (Прииртышск АЭЖ)
- Ең жас қатысушы – Саттаров Ерасыл Алмасұлы
- Үздік жүргізуші – Кулькешов Нуржан Ерболатович (Прииртышск АЭЖ)
- Үздік шебер – Искаков Асет Саматович (Бородулиха АЭЖ)
- Үздік жұмыс өндірушісі – Базельжанов Дамир Станиславович (Бородулиха АЭЖ)
- Үздік төрешілер бригадасы – Даукежанова Алтын Капаровна, Айтжанов Даурен Есентаевич, Бейсембаев Талант Адебиетович
«БЭСК» АҚ басшылығының өкілдері «Шығыс Қазақстан электр желілерінің кәсіподақ ұйымы» ЖҚБ қолдауымен қатысушыларды құттықтап, оларға лайықты марапаттарын табыс етті: бірінші орын үшін – корпоративтік автокөлік, екінші және үшінші орындар үшін – «БЭСК» АҚ энергиямен жабдықтау нысандарын мониторингтеу, тексеру және қызмет көрсетуге арналған дрондар
Осындай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналды. Олар тек қызметкерлердің даярлық деңгейін бағалауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар корпоративтік рухты нығайтуға және бөлімшелер арасындағы тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
