«БЭСК» АҚ 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланған кеңеске қатысты

503255e0 d255 4e2a bba5 93450fdc148b

2026 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде өңірлік электр желілік компанияларының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы Глибина Ирина Геннадьевна қатысты. 

Кеңес барысында 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнен өту қорытындылары шығарылып, 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды. Сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы жоспарланып отырған өзгерістер, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, электр желілік инфрақұрылымды жаңғырту және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері талқыланды.

Кеңестің негізгі тақырыбы – 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және электр желілерінің сенімділігін арттыру.

Бүгінгі таңда жөндеу науқаны аясында:

✔ 5 600 шақырымнан астам электр беру желісі;

✔ 121 қосалқы станция;

✔ 1 215 тарату, трансформаторлық және кешенді трансформаторлық қосалқы станция жөнделді.

Кеңес барысында электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру, электр желілік инфрақұрылымды жаңғырту, электр энергиясын беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ саланың кадрлық әлеуетін дамыту мәселелері де қаралды.

Комитет төрағасы Ержан Ертаев өңірлік электр желілік компанияларының сенімді әрі тиімді жұмысы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және тұтынушыларды үздіксіз электр энергиясымен қамтудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік электр желілік компанияларының жұмыс тиімділігін одан әрі арттыруға, электр желілерін кезең-кезеңімен жаңғыртуға және алдағы жылыту маусымынан сенімді өтуге бағытталған басым міндеттер айқындалды.

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы.