-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
Электр энергиясын тұтынушыларға арналған ақпараты
- Жарияланды 16 Шілде 2026

Құрметті тұтынушылар!
Жеке тұрғын үйлердің аумағында жұмыстарды орындау кезінде «БЭСК» АҚ қызметкерлеріне электр энергиясын есепке алу аспаптары мен электр желісі шаруашылығы объектілеріне қауіпсіз қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс.
Жұмыстарды жүргізу кезеңінде компания қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңізді сұраймыз:
- итті сенімді түрде оқшаулауды немесе байлап қоюды;
- жануардың шабуыл жасау мүмкіндігін болдырмауды;
- жұмыстар жүргізілетін орынға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуді.
Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, жануардың иесі адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ олардың мүлкіне жануардың зиян келтіруіне жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті екенін еске саламыз.
Заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, «ОЭСК» АҚ қызметкерінің денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, жануардың иесі емделуге жұмсалған шығындарды өтеу және моральдық зиянның өтемақысын төлеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Түсіністік танытып, ынтымақтастық білдіргеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Қосымша:
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 21-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, владелец животного обязан принимать жануардың иесі үй жануарының адамның және (немесе) жануардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруіне жол бермеу үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға міндетті.
ҚР ӘҚБК 407-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
