-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
Семей және Өскемен қалаларында «ОЭСК» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті
- Жарияланды 31 Шілде 2026


2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті «БЭСК» АҚ-ның электр энергиясымен жабдықтау қызметіне қатысты өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдау – табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін бекіту немесе өзгерту туралы өтінімдерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім. Оның өткізілуі тариф қалыптастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірін ескеруге және тарифтерді бекіту барысында әділдік пен ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталған.
Жария тыңдауға тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Жария тыңдаулар онлайн және офлайн форматта, сондай-ақ Департаменттің ресми Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы (https://www.facebook.com/profile.php?id=100085412888740&mibextid=LQQJ4d) өткізілді.
Департаменттің шешімі жария тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданатын болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/region-news/details/30384?lang=kk
