-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
Абай облысында «БЭСК» АҚ-ның нысандары бойынша баспасөз-туры өтті
- Жарияланды 19 Қазан 2026






2026 жылғы 16 қазан күні Абай облысында бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылу барысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, электр желілері инфрақұрылымын реконструкциялау, жаңғырту және жаңарту, сондай-ақ тұтынушыларды тарифтер есебінен көзделген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті «БЭСК» АҚ нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.
Іс-шараға тұтынушылар, қоғамдық белсенділер, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Баспасөз туры барысында «БЭСК» АҚ Басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Б. Қ. Жанабаев қатысушыларды кәсіпорынның қызметімен, негізгі жұмыс бағыттарымен және электр желілері шаруашылығын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралармен таныстырды.
«БЭСК» АҚ қызметінің негізгі түрі — электр энергиясын беру. Қазіргі уақытта кәсіпорынның кернеуі 0,4-тен 220 кВ-қа дейінгі электр желілерінің жалпы ұзындығы 34 291,454 км, ал күштік трансформаторлардың жиынтық қуаты 4 879,35 МВА құрайды.
Баспасөз туры аясында қатысушылар Абай облысы Семей қаласының Қызыл Кордон кентінде орналасқан «ТП-35-тен тарайтын 0,4 кВ әуе электр желісін жаңғырту және реконструкциялау» жобасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанға барды.
Қатысушыларға электр желілері инфрақұрылымын жаңартуға және тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар туралы ақпарат берілді.
«БЭСК» АҚ-ның 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы қосылған құн салығынсыз 19 619 238 мың теңге көлемінде бекітілген. Баспасөз туры өткізілген күнгі жағдай бойынша бағдарламаның заттай орындалу көрсеткіші 65%-ды құрайды. Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде 248,126 км электр беру желілерінде жұмыстар орындалып, 83 бірлік жабдық орнатылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының қалған 35%-ын 2026 жылғы желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Баспасөз туры барысында қатысушылар кәсіпорынның тарифтік сметаларының орындалуына, инвестициялық бағдарламаның іске асырылуына және табиғи монополия субъектісінің қызметіне қатысты басқа да маңызды мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
https://www.gov.kz/org/krem/press/region-news/details/31780?lang=kk
