-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
ТҰТЫНУШЫЛАРҒА АҚПАРАТ: ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ
- Жарияланды 20 Қазан 2026
ТҰТЫНУШЫЛАРҒА АҚПАРАТ: ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ
Тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысу кезінде төлем шотында (түбіртектерде) технологиялық шығындар көрсетілуі мүмкін.
Энергетикадағы шығындар – электр желісіне немесе жүйеге берілген энергия мөлшері (электр энергиясының түсуі) мен түпкілікті тұтынушыға жеткен энергия мөлшері (электр энергиясының пайдалы босатылуы) арасындағы айырмашылық.
Неліктен тұтынушы шығындарды төлейді?
Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің № 143 бұйрығымен бекітілген) 44 және 45-тармақтарына сәйкес, бұдан әрі – Қағидалар, электр энергиясы үшін есеп айырысу электр желілерінің теңгерімдік тиесілілік шекарасында (бөлу шекарасында) жүргізіледі.
Шығындарды есептеу тәртібі коммерциялық есепке алу құралының (санауыштын) нақты қай жерде орнатылғанына байланысты:
- Санауыш бөлу шекарасының дәл өзінде орнатылғанда – келіп түсетін электр энергиясының толық көлемі есепке алынады. Қосымша шығындар есептелмейді.
- Санауыш тұтынушының аумағында немесе ғимаратының ішінде (шекарадан белгілі бір қашықтықта) орнатылғанда – электр энергиясы санауышқа жеткенге дейін тұтынушының электр сымдары арқылы немесе трансформаторы арқылы өтеді. Осы учаскеде туындайтын шығындар жабдық иесіне жүктеледі және есептеу әдісімен айқындалады.
Ескертпе:
Қағидалардың 44т. 44. Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдар мен тұтынушы арасында есеп айырысу үшін электр энергиясын есепке алу электр желілерінің теңгерімдік тиесілігі шекарасында жүргізіледі.
Қағидалардың 45т. 45. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының шығындары шарт негізінде теңгерімде электр желісінің көрсетілген учаскесі тұрған иегердің меншігіне жатқызылады және Тұтынушының келісімі бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның есептік жолымен анықталады.
Шығындар қалай есептеледі?
Сымдар мен кабельдердегі шығындар – егер санауыш бөлу шекарасынан белгілі бір қашықтықта орналасса (мысалы, ғимараттың қабырғасында, ал бөлу шекарасы 100 метр қашықтықтағы тіректе болса), электр энергиясының бір бөлігі кабельдің өзінде жоғалады. Энергия беруші ұйым осы шығындарды (кабельдің ұзындығын, қимасын және материалын ескере отырып) есептейді және есептегіш көрсеткіштеріне қосады.
Трансформатордағы шығындар («бос жүріс шығындары») – егер тұтынушының өз трансформаторы болса, ал санауыш одан кейін (0,4 кВ төмен кернеу жағында) орнатылса, есептегіш трансформатордың өз жұмысына тұрақты түрде жұмсалатын электр энергиясын есепке алмайды. Бұл шығындар («бос жүріс шығындары» деп аталатын) трансформатордың техникалық паспорты бойынша анықталады және ай сайын есептегіш көрсеткіштеріне қосылады.
Тұтынушыларға қосымша ақпарат (тұрмыстық тұтынушыларды және электр қондырғыларының жиынтық қуаты 5 кВт-тан аз тұрмыстық емес тұтынушыларды қоспағанда):
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде Қағидалардың 3 Параграфының талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс:
26т. 26. Электр қондырғыларын пайдалануға беру тұтынушыда тиісті біліктілігі бар электр техникалық персоналы және электр қондырғысының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлға немесе тұрмыстық тұтынушыларды және жиынтық қуаты 5 кВт-тан кем (техникалық шарттарға сәйкес) электр қондырғылары бар тұрмыстық емес тұтынушыларды қоспағанда, қолданыстағы электр қондырғыларының жұмысына кіруге рұқсат етілген қызметкерлер құрамы бар ұйыммен жасасқан электр қондырғыға қызмет көрсету шарты болғанда ғана рұқсат етіледі.
Білікті электротехникалық персоналдың болуы электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұтынушының электр желілеріндегі электр энергиясы шығындарын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.
