Жаңалықтар
Жария тыңдаулар
Өскеменде және Семейде «БЭСК» АҚ-нің электр энергиясын сатудың шекті бағасын өзгерту бойынша жария тыңдаулар өтті.
Тыңдауға ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің және «БЭСК» АҚ басшылары, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Тыңдау барысында электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтеріне «БЭСК» АҚ - қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағаларының жобасы ұсынылды.
Жаңа өтінімнің негіздемесі болып табылады:
- 2025ж. арналған тариф жобасында электр энергиясын беруге орташа өлшенген бағаның қолданыстағы тариф құрылымына кВт*сағ-қа 1,192 теңгеге өсуі;
- 2025ж. «КЕGОС» АҚ Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметке» кВт*сағ-қа 0,861 теңге мөлшерінде бағаны ұлғайту;
- Электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар кВтсағ-қа 0,728 теңгеге ұлғайтылды;
- Қолданыстағы тариф құрылымына кВт*сағ-қа 0,179 теңгеге жабдықтау үстемесін ұлғайту (Еңбекке ақы төлеу шығындары, материалдық шығындар, бөгде ұйымдардың қызметтері);
Электр энергиясына сараланған шекті бағалар жобасы (ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ):
- тұрмыстық тұтынушылар (тауарларды өндірумен (сатумен), жұмыстар және қызмет көрсетумен байланысты емес, электр энергиясын өз тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар) 19,332 теңге/кВтсағ мөлшерінде;
- өзге тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар) 35,213 теңге/кВтсағ мөлшерінде;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер, 32,135 теңге/кВтсағ;
- бюджеттік ұйымдар – 64,288 теңге/кВтсағ мөлшерінде.
Жария тыңдаудағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі 2025 жылғы 1 мамырға дейін қабылданатын болады.
Қосымша ақпарат:
2024 жылғы 15 ақпандағы тариф - бүгінгі өзекті тариф. 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 сәуірге дейін тарифте басқа өзгерістер болған жоқ. Ақпарат «БЭСК» АҚ https://besk.kz/ сайтында ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ – ТҰТЫНУШЫЛАРҒА – жеке/заңды тұлғалар үшін – ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТАРИФТЕР бөлімінде жарияланға