-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Құжаттар тізімі
Электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі (электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында емес):
тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері;
- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
- техникалық шарттардың көшірмесі;
Электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі (электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдар құрамында):
- кондоминиум объектісін басқарушы орган немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.
Ескертпе:
- Жоғарыда көрсетілген құжаттарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады.
- Тізбе Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының тармақтарына сәйкес жасалды.
- EGOV порталы арқылы ЭЦҚ алу жолымен немесе жеке кабинетте бір реттік пароль арқылы тұрғылықты жерінен «Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер» тіркелгендердің санын анықтау үшін негіз болып табылады.
- 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар болған жағдайда туу туралы куәлік жеткілікті. Туу туралы куәлігі бар 14 жасқа дейінгі балалар ата-аналары тіркелген мекенжайға тіркеледі. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларының 8-тармағына сәйкес.
Шартты қайта жасасуға арналған құжаттар (иесін ауыстыру):
- Жеке куәлігі
- Пәтерге (Үйге) арналған құжаттар (жекешелендіру шарты, сатып алу-сату шарты, айырбастау шарты, сыйға тарту шарты, мұрагерлік шарты, жалдау шарты)
- Ипотека шарты, жылжымайтын мүлік кепілі шарты немесе егер пәтер кепілде болса, №2 Н
- Анықтама - egov порталы арқылы ЭЦҚ алу немесе egov.кz-ке ұялы телефонын тіркеу арқылы тұрғылықты жерінен «Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер»
- Сенімхат, егер иесі болмаса (сенімді тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі)