-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы электр энергиясын тұтынушылары үшін АҚПАРАТЫ
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның
Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы
электр энергиясын тұтынушылары үшін
энергиямен жабдықтау қызметі бойынша
АҚПАРАТЫ
Құрметті тұтынушылар!
«Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ Сіздердің назарларыңызға ҚР ҰЭМ ТМРК Абай облысы бойынша департаментінің дәлелді қорытындысы шеңберінде электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы бағалардың өзгеруі себебінен Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының тұтынушылары үшін 2025 жылғы «06» мамырдан бастап электр энергиясына бағалар (тарифтер) енгізілетінін жеткізеді:
- тұрмыстық тұтынушылар үшін (электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар) – 19,332 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- басқа тұтынушылар үшін (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланбайтын тұтынушылар) 34,877 теңге/кВтсағ мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін 31,583 теңге/кВтсағ мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
- бюджеттік ұйымдар үшін (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар), олар үшін 61,084 теңге/кВтсағ мөлшерінде тариф қолданылады (ҚҚС-сыз).
Жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай сараланған электр энергиясына арналған тарифтер:
- Тұрмыстық тұтынушылар үшін (электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар), электр плиталарын пайдаланатын (оларға ҚНжЕ сәйкес газдандыруға жатпайтын үйлердің тұрғындары не егер үй салу жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық төлқұжатта оны газдандыру көзделмесе, сондай-ақ орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтаусыз үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемейтін бұрын газдандырылған үйлердің тұрғындары жатады):
- 17,062 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз — айына 90 кВт*сағ дейінгі шегінде тұтынылатын электр энергиясының бірінші деңгейлі тарифі;
- 23,198 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 90 кВтсағ-тан 170 кВтсағ-қа дейінгі шегінде тұтынылатын электр энергиясының екінші деңгейлі тарифі;
- 28,998 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 170 кВтсағ астам тұтынылатын электр энергиясына үшінші деңгейлі тарифі;
- Тұрмыстық тұтынушылар үшін (электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар) электр плиталарын пайдаланбайтын (оларға ҚНжЕ сәйкес газдандыруға жататын үйлердің тұрғындары не егер үй салу жобасында немесе кондоминиум объектісіне техникалық төлқұжатта оны газдандыру көзделсе жатады):
- 16,666 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 85 кВт*сағ дейінгі шегінде тұтынылатын электр энергиясына бірінші деңгейлі тарифі;
- 23,198 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 85 кВтсағ-тан 165 кВтсағ-қа дейінгі шегінде тұтынылатын электр энергиясының екінші деңгейлі тарифі;
- 28,998 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 165 кВтсағ-тан жоғары тұтынылатын электр энергиясына үшінші деңгейлі тарифі;
- Жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген жалғыз тұратын тұлғаларға, меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар аталған тұлғаларды қоспағанда:
- 17,062 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 120 кВт*сағ дейінгі шегінде электр плиталарын пайдаланатын тұлғалар үшін электр энергиясына бірінші деңгейлі тарифі;
- 16,666 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 120 кВт*сағ дейінгі шегінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұлғалар үшін электр энергиясына бірінші деңгейлі тарифі;
- 23,198 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 120 кВтсағ-тан 170 кВтсағ-қа дейінгі шегінде электр плиталарын пайдаланатын тұлғалар үшін; айына 120 кВтсағ-тан 165 кВтсағ-қа дейінгі шегінде электр плиталарын пайдаланбайтын тұлғалар үшін электр энергиясының екінші деңгейлі тарифі;
- 28,998 теңге/кВтсағ ҚҚС-сыз – айына 170 кВтсағ-тан жоғары электр плиталарын пайдаланатын тұлғалар үшін; айына 165 кВтсағ-тан жоғары электр плиталарын пайдаланбайтын тұлғалар үшін электр энергиясына үшінші деңгейлі тарифі;