ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУШЫЛАРҒА АҚПАРАТ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУШЫЛАРҒА АҚПАРАТ

Құрметті тұтынушылар!

Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес, бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын, қоғамдық нарық субъектісі мәртебесі бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілген лицензиялар өз қолданысын 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Шығысэнерготрейд» ЖШС энергиямен жабдықтау ұйымының функциялары мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің тұтынушылары энергия беруші ұйым – «БЭСК» АҚ - «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» акционерлік қоғамына көшіріледі.

Қазақстан энергетика саласын қайта жаңғыртуда. Энергия беруші ұйымдар мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың функцияларын біріктіру электр энергиясын өткізу кезіндегі делдалдарды жою мақсатында жүргізілуде.

Электр энергиясымен жабдықтау және электр энергиясын беру функцияларын біріктіру, технологияларды, персоналды, ресурстарды біріктіру тұтынушыларға қызмет көрсетуге жауап беретін жұмыс процесінің бір бөлігін оңтайландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының тұрғындарын сенімді әрі сапалы энергиямен жабдықтау мәселелерін шешуді толық қаматамасыз етеді.

«БЭСК» АҚ-ның негізгі өндірістік міндеті, қазіргі уақытта, негізгі және қосалқы энергетикалық құрылғылардың сенімді жұмыс жасауы арқылы электр энергиясын тұтынушыларға үздіксіз беруді қамтамасыз ету болып табылады. Енді, осы маңызды міндетке 2025 жылы 1 қаңтардан бастап, тағы бір маңызды міндет – клиенттердің қажеттіліктерін өтеуге бағытталған, сервистік қызметтердің толық кешінін ұсына отырып, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қосылады.

Тұтынушыларға! Жиі қойылатын сұрақтарға жауап:

  1. Шарттар

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 13 бабы 2-тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, электр энергиясын кепiлдiкпен берушi – энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етедi.

Демек, электрмен жабдықтау шарттарын мемлекеттік сатып алу порталы арқылы емес, өздері жасасқан жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға энергиямен жабдықтаушы жаңа ұйыммен шарттарды қайта жасасудың қажеті жоқ.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  39 бабы 3-тармағының 1)тармақшасына сәйкес, жыл сайын портал арқылы электрмен жабдықтау шарттарын жасасатын заңды тұлғалар  01.01.2025 жылдан бастап, электр энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін  2025 жылдың басталуына дейін энергиямен жабдықтаушы жаңа ұйым – «БЭСК» АҚ-мен электрмен жабдықтау шартын жасасулары қажет.

Мемлекеттік сатып алу порталында «Шығысэнерготрейд» ЖШС-мен 2024 жылға жасалған шарттар тек 31.12.2024 жылға дейін ғана әрекет етеді.

Шартты қайта жасасу кезінде тұтынушының өзінің қатысуы қажет. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-тармағына сәйкес – шартты қайта жасасу үшін ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін) қажет.

Жеке кәсіпкерлер электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждықтары үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын жасасады.

  1. Тұтынушының дербес шоты

Сіздің дербес шотыңыздың нөмірі өзгеріссіз қалады.

 

  1. Техникалық шарттар

Қайта ресімделмейді. Сондай-ақ, Қағидалардың 9-тармағына сәйкес - иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқан жағдайда, бұрын берілген техникалық шарттар қайта ресімделмейді.

 

  1. Тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу

Тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді бұрын қолданған ыңғайлы тәсілмен төлеуіне болады. «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің («БЭСК» АҚ) төлем терминалдары, Қазпошта АҚ-ның кассалары, екінші деңгейдегі банктер арқылы төлем жасауға болады.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді «БЭСК» АҚ ұйымының шотына төлеу қажет (барлық екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларынан «БЭСК» АҚ ұйымын таңдау қажет).   

ЖЕЛТОҚСАН – есептік кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін төлем «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не, ал ҚАҢТАР – есептік кезеңінде тұтынылған электр энергиясы үшін төлем «БЭСК» АҚ-на жіберілетінін ескертеміз.

  1. «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы берешек

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша электр энергиясын жеткізуші алдындағы міндеттемелер толық орындалғанға дейін және өз тұтынушыларынан берешекті өндіріп алғанға дейін өз қызметін жүзеге асыратын болады.

Осылайша, барлық тұтынушылар «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы тұтынылған электр энергиясы үшін уақытылы төлем жасау бойынша өздерінің шарттық міндеттемелерін толығымен орындауға міндетті.

  1. Тұтынушылардың электр энергиясын беру және энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша жүгінуі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын беру және энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша тұтынушылар 8 (7232) 700-555 телефон нөмірі арқылы Байланыс орталығына, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша жақын маңдағы  «БЭСК» АҚ-ның кеңселеріне (АЭЖ) жүгіне алады.   

 

  1. Тарифтің өзгеруі

«БЭСК» АҚ-да қызметтің екі түрі болады: электр энергиясын беру және энергиямен жабдықтау. Желілер арқылы берудің барлық шығындары энергиямен жабдықтау тарифтерінде ескеріледі.  

Тарифті өзгерту үшін дәлелді себептер туындаған кезде уәкілетті органның ведомствосына шекті тарифті көтеру жағына қарай өзгертуді келісуге өтінім жіберілетін.

Тарифті өзгерту туралы шешімді ТМРКД сараптама жүргізгеннен қабылдайды.

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес Субъект ТМРКД-не өтінім жіберуге құқылы, ол өз кезегінде 30 күнтізбелік күн ішінде өтінімді қарайды және жүргізілген сараптаманың негізінде Дәлелді қорытынды ұсынады.

Дәлелді қорытындыны  алғаннан кейін, Субъект 5 (бес) жұмыс күні ішінде БАҚ арқылы тұтынушыларға хабарлайды. 

Сонымен қатар, уәкілетті орган ведомствосының басшылары, жұртшылық өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысатын жария тыңдаулар өткізіледі.

ТМРКД жария тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, тарифті өзгерту жөніндегі шешімді қабылдайды.

  1. Тұтынушыларды электр энергиясының жоспарлы және авариялық өшірулері туралы хабардар ету

Қазіргі уақытта тұтынушылар авариялық және жоспарлы жұмыстар туралы, сондай-ақ апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында электр энергиясын жоспарлы өшірулер туралы жедел ақпаратты www.shygys.kz корпоративтік сайтынан және 8 (7232) 700-555 телефоны арқылы Байланыс орталығынан ала алады. Барлық процестер сақталады және бұдан әрі қарай тек жетілдіріле түседі.

  1. Сырттай қызмет көрсету сервистері

Тұтынушылар 8 (7232) 700-555 телефон нөмірі бойынша Байланыс орталығына, Серіктестіктің www.shygys.kz сайтындағы «Жеке кабинетке», сондай-ақ  +7 771 302 20 25 телефон нөмірі бойынша WhatsApp Bot (бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді, мұнда сіз жеке шотыңыз бойынша артық төлемді/қарызды біле аласыз, көрсеткіштерді жібере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі) арқылы жүгіне алады. Компанияның Telegram-Bot-ына жүгінген кезде жеке шотыңыз бойынша қарызыңызды біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспаптарындағы көрсеткіштерді жібере аласыз,берешек туралы хабарламаларды ай сайын жіберуге өтінім бере аласыз.  «Мобильді қосымша» ыңғайлы сервисі жеке шотыңыздың жай-күйін онлайн режимінде бақылауға көмектеседі – бұл сіздің шотыңызды қарапайым және оңай басқаруға мүмкіндік береді. Шот-хабарламаларды электрондық поштаңызға (тегін қызмет) немесе  sms-хабарламамен (қызмет құны – 15 теңге) ұялы телефоныңызға жеткізуге жазылу қызметі өзіңіздің дербес шотыңыз туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Барлық процестер сақталады, сырттай қызмет көрсету сервистері жетілдіріледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сізге электр энергетикасы бойынша қызмет көрсететін компанияңыз «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» акционерлік қоғамы.

Бізбен бірге болыңыз!  Біз дұрыс бағытқа жүруге және жаңа биіктерді бағындыруға әзірміз! Біздің кәсібилігіміз – біздің тұтынушыларымыз үшін!

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67