«Шығысэнерготрейд» ЖШС: демалыс уақытында электр энергиясынан ажыратылып қалмаудың амал-тәсілдері

 

 

Энергетиктер өз клиенттеріне электр энергиясы үшін төлеу жөнінде алдын-ала ойлануға кеңес береді. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынылған электр энергиясы үшін төлем есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізілуі қажет. Төлем шарттарының бұзылуы электр энергиясының ажыратылуына ғана емес, э/э қосу барысында қосымша шығындарға әкеліп соғады. 

Жаз кезінде қалада болмайтын «Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынушылары бірнеше есептік кезең үшін алдын-ала төлеп, электр энергиясының төлемі жөнінде күнібұрын қамдануы қажет.  Төлем сомасын алдыңғы кезеңдердегі электр энергиясы үшін төлемнің орташа мөлшеріне сүйеніп есептеуге болады.  

Сондай-ақ, сіздер үйде болмаған кезде тұрғын үйді электр энергиясынан уақытша ажырату туралы өтініш жазуға болады. Сонымен қатар, сіз демалып жатқанда электр энергиясы үшін шоттарыңызды уақытында төлеуді  туыстарыңыздың біріне тапсырып қоюға болады. 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Вячеслав Аксенов: «Жаздыгүні, демалысқа кеткенде, адамдардың көбі үйлерде кейбір электр құрылғылары жұмыс істеп тұрғандықтан энергиямен жабдықтау қызметтерін төлеу қажеттілігі туралы ұмытып кетеді. Осындай ұсақ-түйек болып көрінетін себептерден 1-2 айдың берешегі құралады, осыған байланысты энергиямен жабдықтаудан ажыратылып қалу қаупі зор», - деп түсіндірді.  

Берешек туралы ақпаратты Серіктестіктің Байланыс-орталығының телефондары бойынша және www.shygys.kz  сайтындағы «Жеке кабинеттің» көмегімен білуге болады. 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС барлықтарыңызға жанға жайлы және қамсыз демалыс тілейді, сондай-ақ электр энергиясын уақытында төлейтін клиенттеріне алғыс білдіреді.  

 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 9.07.2004 ж. № 588- II «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 25 бабына сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 17233-1917-ТОО ШҚО Әділет департаментімен 28.09.2004 ж. берілді) және «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Қазақстандағы электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі холдингке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 480 000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 20 000-нан астамы – заңды тұлғалар. Қосымша ақпарат алу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі топтың мамандарына хабарласыңыздар:  Татьяна Павлова, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6968) , ұялы тел.: + 7 701 921 70 32; Асель Баденова, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6368) , ұялы тел.: +7 701 221 71 38.

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67