Тұрғындардың назарына

Жаз- электрлік тоқпен зақымдану қауіптілігі өсетін мезгіл. Бұл көпшіліктің жаз айында демалысқа шығуына , балалардың жаздық демалысына және құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне  байланысты. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі электр өткізу желілерінің және электр жабдықтарының қасында қауіпсіздік шараларын сақталмағандықтан болады.

Электр тоғының ең басты қаупінің ерекшелегі жасырын түрде болғаны: электр қуатын көруге, естуге  және оның иісін сезіне алмағандықтан. Сондықтан қоршаулар мен ескерту белгілерге қарамастан электр жабдықтарына жақындауға адамдарда  ешқандай қауіп туғызбайды. АҚ "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания"  электр беру желілерінің және трансформаторлық қосалқы станциялардың қасында тұрғындарға сақ болуын сұрайды.

Электр қауіпсіздігінің пайдалану ережелеріне сәйкес тыйым салынады:

- әуелік желілер сымдарының астында  әуе жыландарын ұшыруға, қандай да бір құрылыстар жүргізуге , отын, шөп үйіп,от жағуға;

- әуе желілерінің күзет аймағында балық аулауға;

- электр беру желілер мен трансформаторлық қосалқы станциялардың қасында ойнауға;

- әуе желілерінің тіректеріне көтерілуге, изоляторларды сындыруға, сымдарға қандай да бір заттарды лақтыруға;

-зақымданған сымдарға 8 метр шақырым жерге жақындауға;

- қосалқы станция мен  трансформаторлық пунктіне, тарату құрылғыларының ішіне кіруге;

- ағаштардың жанында әуе желісі болса оларға көтерілуге;

- электр қосалқы станциялардың аумағына түскен заттарды алуға;

- зақымданған әуе желілерінің сымдарына жақындауға;

- электр аспаптары мен үй электр сымдарың өз бетінше жөндеуге;

- тұрмыстық желілерді өз бетінше ауыстыру -бұл қауіп қысқа тұйықталуға және өрттерге әкелуі мүмкін;

-су қолдарымен электр құрылғыларына жақындауға;

-жалаңаш сымға жақындауға;

-ерімтал калибрлік емес заттарды сақтандырғыштар ретінде пайдалануға;

- көтеріңкі номиналды тоқпен автоматты ажыратқыштарды пайдалану.

Электр жабдықтарындағы және тіректердегі әуе желілерінің ескертулерңне аса мән беру қажет: "Абайлаңыз - жоғары кернеу!" - сары үшбұрышты найзағай белгісі "Аса қауіпті аймақ"деген плакаттарға ерекше назар аудару қажет.

Әуе желісінің сымы үзілген кезде адымдап қауіпті кернеу құрылады сондықтан 8 метр қашықтыққа жақындауға болмайды. Егер сым  тым кеш анықталса оның тоқ беруінен аулақ тұру, аяқ-басын жерден алмай  және жер мен аяқ-басының  арасында алшақтықты тудырмау қажет .

Қатты желдің  әсерінен әуе электр беру желілері үзілген авария толық жойылғанға дейін  ата-аналарға  балаларын қараусыз  көшеге  жібермеуі қажет .

Электр тогымен зақымданған жағдайда тез арада бұл туралы электр желілерінің диспетчеріне КТП корпусында және қосалқы станцияларының есіктерінде көрсетілген телефонға, сондай-ақ жедел жәрдем 103 телефонына немесе ТЖ 112 телефоны бойынша хабарласу қажет.

Егер  сіз әуе желісінің зақымданған сымын көрсеніз міндетті түрде ТЖ 112 телефоны бойынша немесе  аудандық электр желілерінің диспетчерлерге дереу хабарлауыңызды сұраймыз .

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67