Кәсіпорынның жұмысы туралы

Шығыс-Қазақстан облысының энергия жабдықтарының сенімділік көрсеткіштері  15 % артты. 

«Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ  2016 -2017 жж. күзгі-қысқы мезгіліне негізгі және қосымша жабдықтарды дайындау бойынша жөндеу науқаны өткізуде.

«ШҚ АЭК» АҚ инвестициялық бағдарлама  аясында 2016 жылы 3,6 миллиард тенге сомасында жұмыс жүзеге асады. Бұл қаражат электр беру желілерін және қосалқы станцияларды салу, жаңарту және  қайта құру, энергия жабдықтарды, ғимараттарды күрделі жөндеу, сондай-ақ электр энергияны коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу үшін бағытталады. Осы іс-шаралардың барлығы тұтынушылардың өмір сүру сапасы мен жайлылығына тікелей байланысты болатын энергия жабдықтаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 

Жыл сайын, көктемнен бастап «ШҚ АЭК» АҚ жөндеу науқанын өткізеді, нәтижесінде ҚР энергетика Министрлігінен күзгі-қысқы мезгілге дайын екендігі туралы Паспорт алады. ШҚО тұтынушыларын сенімді электр жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін 2016 жылы әуе желілерін 2935 км, кабельді желілерді 101 км көлемінде, 35 киловольт және одан жоғары кернеумен 176 қосалқы станцияны, 35 киловольт және одан жоғары кернеумен 247 трансформаторды, сондай-ақ 310 трансформаторлық қосалқы станцияларды, кешендік трансформаторлық және үлестіргіш қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған.

2015 жылдың 15 қазаны мен 2016 жылдың 15 сәуірі аралығындағы күзгі-қысқы мезгілде ШҚО бойынша «ШҚ АЭК» АҚ желілерінде және жабдықтарында апаттық жағдай өткен жылдардың сол мезгілдерімен салыстырғанда 15  % төмендеген. «ШҚ АЭК» АҚ өндіріс қызметкерлері желілік шаруашылықтың сенімділігін және жабдықтардың күзгі-қысқы мезгілде жұмысын қамтамасыз етеді, олардың саны -2900 адам.  

«Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ өз желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату қызметін жүзеге асырады  және Шығыс-Қазақстан облысының аумағында қызмет көрсетеді. Кәсіпорын электр энергиясын 15 ауданға, 10 қалаға, 872 ауылға жеткізеді. Компания желілерінің ұзақтығы - 35 000 км. «ШҚ АЭК» АҚ – Қазақстанның ең ірі энергия жеткізуші кәсіпорындарының бірі.

 

 

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67