Қызметтің негізгі түрі және мамандану
 
Электр энергиясын беру
  • Шығыс Қазақстан облысында 34 293 км электр берілісі желілеріне қызмет көрсетеміз
  • 15 ауылдық аудан
  • 10 қала, 872 кент және ауыл
  • 254 селолық және ауылдық округтер
 
Электр желілерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Жоғары вольтты желілер
  • Кабельдік желілер
  • Үй ішілік электр желілері
  • Көше жарығы
  • Қосалқы станциялардың жабдықтары
 
Электр желілеріндегі жұмыстар
  • Күрделі жөндеу және жаңғырту
  • Қайта жаңарту
  • Құрылыс жұмыстары
 
Кабельдік желілердегі зақымдарды іздеу
  • Қосалқы станциялардың, әуе және кабель желілерінің электр жабдықтарын, қорғау құралдарын сақтықтық сынау
  • Технологиялық жабдықтарды баптау.

Шығыс-Қазақстан облысының энергия жабдықтарының сенімділік көрсеткіштері  15 % артты. 

«Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ  2016 -2017 жж. күзгі-қысқы мезгіліне негізгі және қосымша жабдықтарды дайындау бойынша жөндеу науқаны өткізуде.

«ШҚ АЭК» АҚ инвестициялық бағдарлама  аясында 2016 жылы 3,6 миллиард тенге сомасында жұмыс жүзеге асады. Бұл қаражат электр беру желілерін және қосалқы станцияларды салу, жаңарту және  қайта құру, энергия жабдықтарды, ғимараттарды күрделі жөндеу, сондай-ақ электр энергияны коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу үшін бағытталады. Осы іс-шаралардың барлығы тұтынушылардың өмір сүру сапасы мен жайлылығына тікелей байланысты болатын энергия жабдықтаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 

Жыл сайын, көктемнен бастап «ШҚ АЭК» АҚ жөндеу науқанын өткізеді, нәтижесінде ҚР энергетика Министрлігінен күзгі-қысқы мезгілге дайын екендігі туралы Паспорт алады. ШҚО тұтынушыларын сенімді электр жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін 2016 жылы әуе желілерін 2935 км, кабельді желілерді 101 км көлемінде, 35 киловольт және одан жоғары кернеумен 176 қосалқы станцияны, 35 киловольт және одан жоғары кернеумен 247 трансформаторды, сондай-ақ 310 трансформаторлық қосалқы станцияларды, кешендік трансформаторлық және үлестіргіш қосалқы станцияларды жөндеу жоспарланған.

2015 жылдың 15 қазаны мен 2016 жылдың 15 сәуірі аралығындағы күзгі-қысқы мезгілде ШҚО бойынша «ШҚ АЭК» АҚ желілерінде және жабдықтарында апаттық жағдай өткен жылдардың сол мезгілдерімен салыстырғанда 15  % төмендеген. «ШҚ АЭК» АҚ өндіріс қызметкерлері желілік шаруашылықтың сенімділігін және жабдықтардың күзгі-қысқы мезгілде жұмысын қамтамасыз етеді, олардың саны -2900 адам.  

«Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ өз желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату қызметін жүзеге асырады  және Шығыс-Қазақстан облысының аумағында қызмет көрсетеді. Кәсіпорын электр энергиясын 15 ауданға, 10 қалаға, 872 ауылға жеткізеді. Компания желілерінің ұзақтығы - 35 000 км. «ШҚ АЭК» АҚ – Қазақстанның ең ірі энергия жеткізуші кәсіпорындарының бірі.

 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС
  • ӨСКЕМЕН қ, ШҚО
    • Бажов көшесі, 10-үй, тел. 8 (7232) 700-500 (байланыс орталығы), e-mail: headoffice@besk.kz
  • СЕМЕЙ қ., АБАЙ облысы
    • Қаржаубайұлы көшесі, 243А, тел. 8 (7232) 700-500 (байланыс орталығы), e-mail: headoffice@besk.kz
Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.